Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әдебиет бойынша 2018 жылғы Нобель сыйлығы берілмей...

04.05.2018 17909

Әдебиет бойынша 2018 жылғы Нобель сыйлығы берілмейді

Әдебиет бойынша 2018 жылғы Нобель сыйлығы берілмейді - adebiportal.kz

Швед академиясы әдебиет бойынша биылғы Нобель сыйлығын табыс етуден бас тартты. Оған академия мүшелерінің біреуінің күйеуі – фотограф Жан-Клод Арноның қатысымен ушыққан дау-жанжал себеп болды. Оған жыныстық әлімжеттіке барды деген айып тағылып отыр.

«Швед академиясындағы жағдай Нобель сыйлығына кері әсерін тигізді. Дегенмен осы қабылданған шешім жағдайдың қаншалықты маңызды екендігін көрсете отырып, сыйлықтың биік беделін сақтап қалуға көмектеседі», - делінген Нобель сыйлығының ресми сайтындағы хабарламада.

Швед академиясының бұл шешімін Нобель комитеті де қолдап отыр. Аталмыш шешім 2018 жылы Нобель сыйлығының басқа салаларда табысталуына еш кедергісін келтірмейді делінген хабарламада.

Әдебиет бойынша келесі лауреат 2019 жылы анықталады.

Жыныстық әлімжеттік бойынша айыпталған француз фотографы Жан-Клод Арно - швед ақыны Катарина Фростенсонның күйеуі. К. Фростенсон 1992 жылы академияға мүше болып сайланған болатын.

Былтыр қараша айында 18 әйел фотографты жыныстық әлімжеттік жасады деп айыптаған. Харассменттің (әйел адамға жөн-жосықсыз қырындаушы) кейбір қарекеттері академияға тиесілі бөлмелерде де орындалған көрінеді. Ал фотографтың өзі барлық айыптауларды жоққа шығаруда.

Осы оқиғадан кейін академия Катарина Фростенсонды ұйымнан шығаруға дауыс берген болатын.

Бұл дау-дамаймен қатар тағы бір жанжал бұрқ ете қалған еді: деректерден белгілі болғандай, академияның кейбір мүшелері бірнеше жылдар бойы болашақ лауреаттардың аттарын жарияламау туралы ережені сақтамай келген болып шықты.

Осының салдарынан бірнеше лауазымды тұлғалар орындарынан айырылды: Фростенсоннан бөлек, Швед академиясының хатшысы Сара Даниус та жылы орнымен хош айтысты.

www.bbc.com/russian

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар