Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ШЕБЕРХАНА
Әдебиет пен сандық технологиялар: мультимедиа дәуі...

09.01.2023 1396

Әдебиет пен сандық технологиялар: мультимедиа дәуіріндегі жазушылардың тағдыры 14+

Әдебиет пен сандық технологиялар: мультимедиа дәуіріндегі жазушылардың тағдыры - adebiportal.kz

2023 жылды Александр Архангельскийдің қызықты танымдық дәрістерінен бастаймыз. Алматылық ашық әдебиет мектебі 12-14 қаңтарда Алматыда, ал 16 қаңтарда Астанада кездесулер топтамасын жариялайды. Дәрістерге кіру тегін, тіркелу керек емес. Дәрістер орыс тілінде, қазақ тіліне ізбе-із аудармамен өтеді. 
Бағдарлама:
12 қаңтар:
11:00 «Дәстүрлер бізді оқиды: мәдениетпен қарым-қатынас қалай құруымыз керек».
Мекенжайы: Төле би көшесі, 27. Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы.
19:00 «Классиктерді таңдау: классикалық канон қалай қалыптасады және оған заманауи әдебиеттің қандай қатысы бар».
Мекенжайы: Almaty Towers БО, Байзақов көшесі, 280, 1 қабат. American Space әлеуметтік алаңы.
13 қаңтар:
11:00 «Гаджеттер дәуіріндегі кітап оқу: кімді, қалай және не үшін баулуға болады?»
Мекенжайы: Луганский көшесi, 54, 1 қабат. Несанаторий
19:00 «Әдебиет пен сандық технологиялар: мультимедиа дәуіріндегі жазушылардың тағдыры».
Мекенжайы: Almaty Towers БО, Байзақов көшесі, 280, 1 қабат. American Space әлеуметтік алаңы.

14 қаңтар 
10:20 «Қазіргі әлемдегі жазушылар: бұрын әдебиетке қалай келген, қалай келе жатыр және қалай келеді».
Мекенжайы: Төле би көшесі, 27. Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы.
14:00 «Тағдырдың сторителлингі: адамдар не үшін өз өмірбаянын жазады (және олар үшін мұны кім істеп бере алады)?» атты семинар. 
Мекенжайы: Төле би көшесі, 27. Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы. 
Барлық дәрістер екі тілде өтеді. Шараларымызға қосыла алмағандар үшін Алматылық ашық әдебиет мектебінің FB-парақшасында онлайн трансляция жүргіземіз.

16 қаңтарда Астанада Александр Архангельский «Мәдениет не үшін керек: модернизацияның әлеуметтік-мәдени аспектілері» атты таңғы дәрісін (сағат 11.00-де) және «Көпшілік алдында сөйлеуге қалай дайындалуға болады?» атты кешкі дәрісін (сағат 19.00-да) оқиды. 
Мекенжайы: Астана қаласы, QUANTUM STEM SCHOOL, Е-899 көшесі, 2 (Мұхамедханов көшесі, 4К). Бұл дәрістер топтамасын ААӘМ Chevron компаниясының қолдауымен жоспарлады және ұйымдастырды.  


Байланыс телефоны:
+ 7 777 124 44 44 Валерия Крутова (Алматы)

Александр Архангельский - Әдебиеттанушы, тележүргізуші, жазушы. Филология ғылымдарының кандидаты, «Экономиканың жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің (НИУ ВШЭ) профессоры, Ресей-Армян университетінің (Ереван) құрметті профессоры. Бұрын «Против течения», «Хронограф», «Тем временем» теледидар бағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі болды. Орыс заманауи әдебиеті академиясының (Академия русской современной словесности) ортақ құрылтайшысы. «Стихотворная повесть А.С. Пушкина “Медный всадник”» (1990), «Беседы о русской литературе. Конец XVIII – первая половина XIX века» (1998), «Герои Пушкина. Очерки литературной характерологии» (1999) атты ғылыми және ғылыми-көпшілік кітаптардың, әдеби-сын жинақтардың («У парадного подъезда», 1991), публицистикалық мақалалардың авторы. «1962. Послание к Тимофею» (соңғы басылымы 2008 жылы шықты), «Цена отсечения» (2008), «Музей революции» (2012) және т.б. проза кітаптарының авторы. «Александр I» атты кітабы Ресейде бірнеше рет басылып шықты, француз бен қытай тілдеріне аударылды. Әдебиет пәні бойынша мектеп оқулықтарының, әдістемелік құралдардың, хрестоматиялардың авторы. «Фабрика памяти: библиотеки мира», «Отдел», «Жара», «Интеллигент. Виссарион Белинский», «Изгнанник. Александр Герцен» және т.б. фильмдердің авторы. «Голод» (2022) фильмінің бірлескен авторы.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар