Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Әдебиет порталы» «Кітап жүктеу» функциясын қосты...

31.03.2016 7388

«Әдебиет порталы» «Кітап жүктеу» функциясын қосты

«Әдебиет порталы» «Кітап жүктеу» функциясын қосты - adebiportal.kz


кітап жүктеу.png

«Әдебиет порталы» қолданушыларға арнап «Кітап жүктеу» функциясын қосты. Бұл қызмет арқылы кез келген оқырман өзінің немесе басқа бір автордың PDF нұсқадағы кітабын порталға орналастыра алады.


Бұл қызмет портал жұмысының жандана түсуіне де, оқырмандарымен байланыс жасап отыруына да соны серпін беретіні анық. Белсенді қатысушылар өз қолдарында бар электронды кітаптарды басқа оқырмандармен бөлісуіне де үлкен мүмкіншілік ашылып отыр.


Кітап жүктеу үшін порталдың «Оқыңыз» бөліміндегі «Кітаптар» деген сілтемесіне немесе негізгі беттегі «Кітап жүктеу» деген бөлімшеге кіру керек. Сосын барлық жолдарды мұқият толтырып, кітаптың мұқабасын .jpg, .png форматтарында жүктеу керек. Осыдан кейін кітап туралы мәліметтерді енгізіп, PDF нұсқадағы кітаптың өзін де жүктеуге болады.


Ал порталда жеке парақшасы жоқ автордың кітабын жүктеу үшін кітаптың мәліметтерін орналастырып болғаннан кейін «Автор қосу» тетігін басып, одан кейін шыққан жолдарды мұқият толтыру қажет. Автордың фотосы мен өмірбаянын орналастыру керек.


Барлық жолақтарды толтырып болғаннан кейін сақтау тетігін басу арқылы барлық мәліметтерді портал әкімшілеріне жібересіз. Олар өз кезегінде жүктелген кітапты тексеріп, жалпы оқырманның назарына ұсынады. 



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар