Әдебиеттің міндеті - қала мен ауыл халқының психологиялық айырмашылығын жымдастыру
«Әдебиет порталының» «Сәті түскен сұхбатына» белгілі жазушы Қуаныш Жиенбай аға келді. Қаламгермен сұхбат қазіргі қала әдебиеті ауқымында өрбіді. Урбанизация - қазақ әдебиетінде көптен бері көтеріліп жүрген тақырып екендігіне тоқталған жазушы мұнда да қала мен ауыл тақырыбын қатар жымдастыра алып жүру керек деген ой айтады. Қазіргі күні қазақ прозасына әлемдік, отандық әдебиеттен мол хабары бар, тегеурінді жас буынның келгенін айта отырып, жазушы олардың қала тақырыбында сапалы туындылар жазатынына сенім білдіреді. Қаламгер қазіргі қала қазағының өмір сүру қалпын, оларға ортақ психологиялық ахуалын көркем туынды тақырыбы ету - шеберлікті және қысқа-нұсқалықты қажет ететініне ерекше тоқталады. Жазушының ойынша, таяу жылдарда қазіргі қалада жүрген қаламгерлердің біразы қайтадан ауылға оралмақ. Расымен солай болуы да мүмкін ғой?
