Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада 23 қараша күні, сағат 17:00-де, белгілі ақын, аудармашы, тележурналист Алпамыс Файзолланың «Айдың аппақ жүрегі» атты шығармашылық кеші өтеді. Кеш барысында қаламгердің «Жүрек-аспанымның жұлдызы» жыр жинағы мен «Аудармалар мен сұхбаттар» тәржіме кітабының тұсауы кесіліп, әдеби таныстырылымы жасалады. Астаналықтар мен қала қонақтарын, ақынның оқырмандарын рухани-мәдени кештің куәсі болуға шақырамыз.
Алпамыс Файзолла. 1995 жылы 6 наурызда Орал қаласында туған. 2012 жылы туған жеріндегі дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 мектеп-гимназияны бітірген. 2012-2016 жылдарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде бакалаврде, ал 2016-2018 жылдарда Л. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінде магистратурада оқыды. Ол – республикалық әдеби байқаулар мен мүшәйралардың жүлдегері, Қадыр Мырза Әлі атындағы медальдің иегері. «Ақ сезімге ескерткіш» (2021), «Жүрек-аспанымның жұлдызы» (2022) жыр жинақтарының және «Аудармалар мен сұхбаттар» (2023) тәржіме кітабының авторы. Өлеңдері шет тілдерге аударылып, Ұлыбритания, Түркия, Әзербайжан, Үндістан, Жаңа Зеландия әдеби басылымдарында жарияланған.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.