Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК
/
Әйел теңдігі тақырыбындағы тұңғыш роман......

Әйел теңдігі тақырыбындағы тұңғыш роман...

11.12.2025

4190

Әйел теңдігі тақырыбындағы тұңғыш роман... - adebiportal.kz

Бүгінгі әйелдер қауымының қоғамдағы теңдігін алуға негіз қалаған – «Алаш» қайраткерлері. Бұл жайында «Ұлт оқитын 100 кітап» YouTube жобасының кезекті шығарылымында айтылды. 

«Міржақып Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы арқылы сол кезеңдегі қазақ әйелінің қоғамдағы әлеуметтік теңсіздігі туралы тұңғыш прозалық туынды жазған тұлға. Бұл шығарманы қай кезеңде да оқуға тиістіміз және ол өзінің өзектілігін жоғалтпайды», - дейді әдебиеттанушы Баян Керімбекова.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ прозасындағы ең көп көтерілген – әйел тақырыбы. Себебі «Бақытсыз Жамал» романымен қатар Жүсіпбек Аймауытовың «Ақбілегі» мен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлуын» айтуға болады. Бұл кейіпкерлердің қай-қайсысы болса да теңін таппаған. Алайда  Жамал мен Қамар ескілік қараңғылықтың құрбаны болса, ал Жүсіпбек Аймауытов Ақбілекті жеңдіріп алып шығады. Себебі Ақбілек мұның барлығына қалаға кетіп, білім алғанның арқасында әйел теңдігіне қол жеткізгендей.

«Кейіпкердің аты айтып тұрғандай, ол неге Ақбілек? Яғни қазақтың білегі қанға малынбаған, антагонистік түсінік бар, қара мен ақ деген... жақсылық пен зұлымдықтың күресі ретінде кейіпкер Ақбілек есімін бергені содан да болар. Оның қазақ білім алып көкке көтерілсе деген арманы да сол болды,. Осыны Ақбілек арқылы суреттеп алып шықты,» - деген пікір айтады, белгілі драматург Ақлима Сапарова.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan