Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Әлемдік әдебиет: стереотиптен арылу

03.07.2019 2216

Әлемдік әдебиет: стереотиптен арылу

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы және «Алтын Қазына» қоғамдық бірлестігі ҚР Ұлттық Музейінде 4-5 шілдеде қала күніне орай «Еуразия астаналарының қаламгерлері» Халықаралық Форумын өткізеді.

Әлем астаналарының қаламгерлері қатысатын Форумның мақсаты Еуразия жазушыларының шығармаларын насихаттау, халықтар арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайтып, бірыңғай әдеби кеңістік қалыптастыру. Форумға 20-дан астам мемлекеттің ақын-жазушылары арнайы шақырылып отыр. Олардың арасында Халықаралық «Экиваленсиас» журналының Бас редакторы, Испания ПЕН-клубының Бас хатшысы, Малларме, Неаполитан академияларының корреспондент-мүшесі – Jorge Padron Justo Angel; Ресей Жазушылар одағы басқармасының хатшысы – Гаврил Андросов; ОАӘ Жазушылар Одағының басшысы – Nasser Ali Khamis Obaid Аldhaheri; Азербайжан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Ekber Qoşalı; Үндістандық қаламгер, сыншы, лингвистика ғылымының профессоры Rukmini Bhaya Nair және т.б. танымал тұлғалар бар.

Сондай-ақ форумға ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек ері, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдік, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов, ақын, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Серік Ақсұңқарұлы, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, қаламгер-журналист, ҚЖО басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты Мереке Құлкенов, ақын, жазушы, журналист, «Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты Дидар Амантай, ақын, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының және «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері Ақберен Елгезек сынды төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің майталмандары, зерттеуші ғалымдар, сыншылар, қоғам қайраткерлері қатысады.

Форумның негізгі тақырыбы – «Әлемдік әдебиет: стереотиптен арылу». Әлем әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық, авторлық құқық пен кітап бизнесі мәселелері аясында дөңгелек үстел, шығармашылық кездесу, көрме ұйымдастырылады. Форум Халықаралық меморандумға қол қою және келісім жұмыстарымен түйінделеді.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар