Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СҰХБАТ
Алмас Ахметбекұлы. АЛМАТЫ-ҚАҢТАР...

05.01.2023 1477

Алмас Ахметбекұлы. АЛМАТЫ-ҚАҢТАР 14+

Алмас Ахметбекұлы. АЛМАТЫ-ҚАҢТАР - adebiportal.kz

БІЗДІҢ ЖАҚТА БУРА ЖАРАЙТЫН ШАҚ.

Жұп-жуас жануар аяз қысқан шақта бауыры жарап, арыстанға айналады. Дөңге шөгіп, алыстан шабынады.

Бүгін - 5-қаңтар. Бір жыл бұрын Алматының астаң-кестеңі шыққан күн. Алаңды ашу қысып, қазақтың қаны шашылған уақыт. Мынау сол кездегі алаң көңілдің өлеңі.

 

АЛМАТЫ — ҚАҢТАР

Алматы ғой,

Не көрмеген Алматы.

“Көкте” деген, “көгер” деген Алматы.

Ұлт тағдыры қашан түссе талқыға,

Тайсалмаған, бөгелмеген Алматы.

Ер кеудесін көтергенде Маңғыстау,

Ел кеудесін көтергенде Маңғыстау.

Жер шетіне елеңдеген Алматы.

арандалып қапияда қан құсты-ау.

Қөпке таныс үніменен тәкфрдің.

Қай жағынан қара ниет ап кірдің?

Бу жамылып, бұлт желпіген Алматы

Таланына тап келгендей қасқырдың

Жүрегіне жалғыз Мемлекетімнің

Қанды қанжар қадалуға шақ тұрдың.

Қалың нөпір күйіп-жанған, оталған,

Өз шаһарын жарып, өртеп, қопарған.

Қанша сенсе сонша алданған — өкінген,

Қолға түссең орып салған “өш

алған”.

Аңғал ана аңырап қалма тағы да

Ашық күнде айырылып ботаңнан.

Қылыш жүзі — қыл үстінде біздің ұлт

Термен бірге қан шығады жотаңнан.

Қарсы келсең қан шашасың Алаңға,

Қалыс қалсаң айырыласың Отаннан!

Матқапыда кім атқарар ер ісін?!

Кім айтады оның оң мен терісін?!

Қазақстан,

Бүтіндігің ең қымбат!

Ұлы жеңіс сенің ғана жеңісің!

Заңнан қымбат, қаннан қымбат азаттық,

Күйген жанға, сүйген жанға сені шын!

Өз қолымды өзім кесем қаласаң,

Алтын басым құнсыз кетсін сен үшін.

Көз жасымды тыя аламын сен үшін.

Өз басымды қия аламын сен үшін.

Желбіреген Көк туыңның түбіне

Ел-жұртымды жия аламын сен үшін!

Беу Алматы

Бар тілегім — бейбіт күн,

Бейбіт кезең,

Ізгі мақсұт, келісім!

Жалғыз Отан,

Тұтастығың ең ұлы,

Ұлы жеңіс сенің ғана жеңісің!

Азаттықты сақтап қалу арға сын.

Бойтақ отан келешегін жалғасын.

Тұтас халық ту түбінде түгендел.

Сабыр-сабыр, менің Асыл Алматым!

Алматы ғой,

Не көрмеген Алматы.

“Көкте” деген, “көгер” деген Алматы.

Ұлт тағдыры қашан түссе талқыға,

Тайсалмаған, бөгелмеген Алматы.

17.ҚАҢТАР. 2022. Алматы.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар