Мүшәйра, мүшәйра, мүшәйра!
Бес жұлдызды «Алматы» шипажайы Қазақстанның Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және «Алматы» шипажайының құрылғанына 50 жыл толу мерейтойы қарсаңында «Өз еліңде демал, өз жеріңде ем ал!» атты республикалық жыр мүшәйрасын өткізеді.
Жазба ақындардың республикалық жыр мүшәйрасының қорытындысы 2016 жылдың Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында шығарылады. Мүшәйраның мақсаты - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау, отандық туризмнің дамуына ықпал ету, «Алматы» шипажайының қол жеткізген табыстарын халыққа паш ету, дарынды ақындардың шығармашылық қабілетін ұштау болып табылады. Мүшәйраға қатысатын ақындардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды. Жыр сайысының талабы бойынша ақындар мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған екі өлеңін жіберуі керек.
✔Бағалау талаптары бойынша жеңімпаздар арнайы сыйлықпен марапатталады. Бірінші орын (біреу) «Алматы» шипажайына 10 күндік жолдама LUX, Екінші орын - (біреу) «Алматы» шипажайына 10 күндік жолдама STD, Үшінші орын (біреу) - «Алматы» шипажайына 7 күндік жолдама STD, арнайы жүлде (үшеу) – ақшалай сыйлық.
✔Үміткерлер шығармаларын 2016 жылдың 1 желтоқсанға дейін «Алматы» шипажайының ұйымдастыру бөліміне құжаттарын тапсыру керек: Жеке куәлігінің көшірмесі, телефон нөмірі мен электронды адресін, шығармалары (2 дана).
almatyresortmice@mail.ru
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.