«Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауы басталды
«Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауы (бұдан әрі Байқау) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Ресейдегі Қазақстан Республикасының елшілігінің, Қазақстан Жазушылар одағы және «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтеді. Б
Байқау Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы халықтары арасындағы халықаралық бейбітшілік пен келісімді, өзара түсіністік, әдеби және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға, тіл мәдениетін дамытуға және таратуға, қазақ әдебиетінің дамуын қолдауға және насихаттауға жәрдемдесу мақсаттарын көздейді.
Өздерін ерекше көрсете білген конкурс қатысушыларына 100 000 теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлығы да дайын. Шараға 18 жастан асқан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аудармашылық саласындағы мамандары қатыса алады. Байқау 15 шілде-15 қазан айлары аралығында бірнеше кезең бойынша өткізіледі. Өтініштерді қабылдау 20 тамыз күні сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі (Астана уақытымен) Байқау ережесімен таныс болыңыздар.
