Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Андрей Чурбаков: Адам тілді көп білген сайын оның ...

16.05.2016 2987

Андрей Чурбаков: Адам тілді көп білген сайын оның ақыл-ойы да жоғары болады

Андрей Чурбаков: Адам тілді көп білген сайын оның ақыл-ойы да жоғары болады - adebiportal.kz


чубаков.png

Күрделі, бірақ толық жүзеге асыратын тартымды жоба. Адам тілді көп білген сайын оның ақыл-ойы да жоғары болады. Әрине, қандай да бір тілді меңгеру үшін сол тілде араласатын орта керек. Мысалы, мен қазақ тілін қалай үйрендім? Жазда менің ата-анам мені Сарыағашқа жіберді, онда орысша сөйлейтін ешкім жоқ. Үйге келгенде қазақша сөйлеп, қазақша түсіндім. Купеде достарыммен қазақша және орысша сөздерді кезекпен айта отырып, сөздерді жаттамай-ақ үйрендім. Жаттығуларда және үйдегілермен қазақша сөйлесемін, мен қазақша сөйлегенде балаларым мені түсініп, қазақша жауап беруге тырысатыны қуантады, үйде ағылшынша олармен әйелім сөйлеседі. Тәжірибе 10 жастан бастап тілдер жақсы меңгерілетінін көрсетеді. Алайда, ең күрделі тіл - орыс тілі. Сондықтан да, құдіретті орыс тілі деп жай айтпайды. 20 жылдық тәжірибесі бар жаттықтырушы ретінде мынаны айтқым келеді: қазақтардың көбі кемінде екі тілді біледі, менің оқушыларымның арасында олар өте дарынды және болашағынан мол үміт күттіреді деп ойлаймыын. Кім үш және одан да көп тілде сөйлегісі келсе, сөйлей алатын болады. Бірінші шет тілді үйрену қиын деген пікір бар, ол тілді үйренген соң, басқа тілдерді тез үйренуге болады. Сол үшін ынталану қажет.


Бізге семсерлесуден «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» көп бала келеді. Олар үш тілде сөйлейді. Мен ол жерде Қазақстанның элитасы өсіп келе жатқанын сенімділікпен айта аламын. Сондықтан да мектептің мына ұраны бекер айтылып отырған жоқ7


Зерделі жас дарындарды шабыттандыру арқылы зияткер элитаны тәрбиелеу. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ басқармасының төрайымы


Күләш Шәмшидинова тілдің маңыздылығы туралы: «Қазіргі жастар тілдерді білмесе, кәсіби өсу үшін қажетті ақпаратты алудан қалып қоятын болады» -деп жақсы айтты. Біз барлығымыз қазір ақпарат пен жылдамдылық уақыты екенін жақсы білеміз. Осыдан шыға отырып: тілдерді үйрену және спортпен шұғылдану керек деген қорытынды жасауға болады.


Жуырда Б. Акунинннің постын оқыдым. Онда ол ана тілін қалыптастырып, біздің уақытқа жеткізген тұлғалар туралы өз көзқарасын айтады. Оның ойы бойынша қазір біз (қазақтар, орыстар, ағылшындар) Абай, Пушкин, Байрон тілінде сөйлейміз. Осы туралы сіздердің пікірлеріңізді білгім келеді.


Андрей Чурбаков

Семсерлесуден ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар