Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Анкарада Айтматов көшесі ашылды...

05.06.2014 2858

Анкарада Айтматов көшесі ашылды

544784439cengizaytmatovant.jpgҚырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Анкара муниципалитеті тарапынан Анкараның Батыкент ауданында бір көшеге қырғыз жазушы Шыңғыс Айтматовтың есімінің берілуі және бюстінің ашылу рәсіміне қатысты. 

Атамбаев рәсімде Айтматовтың есімінің Анкарадағы жаңғыруына қуанғанын білдірді. Қырғыз басшы Айтматовтың Түркияда көп оқылған қаламгер екенін, құрмет көрсетілгенін, көптеген қалада жазушының атының саябақтарға, көшелерге берілгенін айтып, алғысын білдірді. 

Атамбаев Қырғызстан мен Түркияның қуанышты күнде де, қаралы күнде де әрдайым бірге болғанын еске салып, екі ел арасындағы осы жақындықтың болашақта да жалғасатынын атап көрсетті. 

Рәсімге қатысқан премьер-министрдің орынбасары Емруллах Ишлер де Шыңғыс Айтматовтың туындыларының барлығына дерлігінің түрік тіліне аударылғаны, кітаптарының Түркияда көп оқылған туындылар арасынан қалмайтынын айтты. 

Анкара муниципалитеті төрағасы Мелих Гөкчек те Айтматовтың әлем әдебиетіне құнды үлес қосқан маңызды қаламгер екенін атап көрсетті. 

Артынан Шыңғыс Айтматов атындағы көше ашылды.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар