Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Ақпараттық кеңістікке жаңа портал қосылды...

Ақпараттық кеңістікке жаңа портал қосылды

15.01.2020

4352

Ақпараттық кеңістікке жаңа портал қосылды - adebiportal.kz

Мәртебелі оқырман, құрметті достар!


Қазақ интернет кеңістігі тағы бір әдеби порталмен толығып жатыр. SAMURYQPORTALY.KZ – Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-сұлтан қалалық филиалының үні. Интернет ресурсында ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап Тәуелсіздік дәуірі тудырған әдеби шығармалар жарияланады. Руханият әлеміндегі жаңалықтарды, әдеби ахуалды жаһандық желі арқылы насихаттау қажеттілігі туындап отыр. Осы ретте портал көрнекті ақын-жазушылардың шығармаларын, мәдениет –өнер саласындағы ақжолтай хабарларды өздеріңізге ұсынуды мақсат етеді.


Сонымен қатар, бұл әдеби кеңістікте әлем әдебиетінің жауһарлары, шетелдік қаламгерлердің еңбектері кеңінен қамтылады. Сайт қазақ әдебиетін дамытуды, интеллектуалды оқырман қалыптастыруды көздейді. Интернет қолданушылары қазақ және әлем әдебиетін талқылап, пікірлері мен рецензияларын қалдыру мүмкіндігіне ие. Авторлар порталға өз кітаптары мен өзге де шығармашылық еңбектерін жариялай алады.

SAMURYQPORTALY.KZ - көркемдік әлемін кемелдендіргісі келетін әрбір қаламгер мен оқырманның қастерлі төріне айналғай!

adebiportal.kz

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan