Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ақын Әмірхан Балқыбек дүниеден өтті......

08.04.2014 3805

Ақын Әмірхан Балқыбек дүниеден өтті...

10154762_637059119676053_515752353_n.jpgҚазақ әдебиеті тағы бір ауыр қазаға ұшырады. Талантты ақын, сыншы, публицист, журналист Әмірхан Балқыбек дүниеден өтті. Ақын 1969 жылы 19 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауданына қарасты Ленин атындағы ұжымшарда дүниеге келген.   1989-1990 жж. Шардара аудандық «Өскен өңір» газетінде тілші болып қызмет атқарды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 1995 жылы журналист мамандығы бойынша бітірген.  

1995-2000 жж. «Парасат», «Жас Алаш», «Ана тілі» секілді республикалық басылымдарда қызмет атқарған. «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби сын бөлімінің меңгерушісі, «Дала мен қала» газетінде әдеби редактор болып қызмет еткен. Топтама өлеңдері «Ауылдан ұшқан аққулар», «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар поэзиясының антологиясы» секілді ұжымдық жинақтарға енген. Әмірхан Балқыбек Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Әдебиет саласы бойынша екі рет (1997, 1998) Президент стипендиясын иемденген. Сонымен қатар, «Метамарфоза» (1996), «Сынған сәуленің шағылысуы» (2001), «Қасқыр құдай болған кез» (2008) кітаптарының авторы.

Жанарынан Жан әлемі сөйлеген, таңдайынан Тәңірінің сөзі төгілген, аңқылдап сөйлесе аузынан аспан көрінген аспан текті ақын жүрегі бүгін бізден алысқа ұзап кетті. Қабырғамызды қайыстырған ауыр қазаға қамығып «Әдебиет порталы» интернет-жобасы ақынның отбасына, жақын достарына, күллі қазақ еліне көңіл айтып, орны толмас қайғымен ортақтасады.  

 

«Әдебиет порталы» интернет-жобасының ұжымы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар