Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, ақын-журналист Дәулетбек Байтұрсынұлының есімі қазақ әдебиетіне танымал. Ақын «Күнәсіз мекен», «Мәңгілік мекен», «Ләтипа лүпілі» жыр жинақтарының авторы.
«Түркі дүниесі» ақындары Елазық, Баку, Бішкек жыр фестивалдерінің дипломанты.
Биыл ер жасы елуге келетін ақынның 2014 жылы 21 мамыр күні Қазақстан Жазушылар Одағының ұйымдастыруымен «Сенің арқаң» атты шығармашылық кеші болады. Ақын кеші Қазақстан Жазушылар Одағының «Әдебиетшілер үйінде» өтеді.
