2016 жылдың 30 қарашасында Орал қаласында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ІІІ Халықаралық «Шабыт» фестивалінің гран-при иегері, айтыстың ақтаңгері, жазба жырдың жүйрігі Дәулеткерей Кәпұлы Жайық жұртымен кездеседі.
Әдеби-сазды кешті Мемлкеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, белгілі журналист Берік Уәли жүргізеді.
Іс-шара Қадыр Мырза Әли атындағы Мәдениет және өнер орталығында күндізгі сағат 11:00-де басталады. Байланыс телефондары: 30-60-20
