Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ақын Мақпал Жұмабай туралы қызықты 8 дерек...

15.05.2017 9892

Ақын Мақпал Жұмабай туралы қызықты 8 дерек

Ақын Мақпал Жұмабай туралы қызықты 8 дерек - adebiportal.kz

Жақында қазақтың талантты қыздарының бірі Мақпал Жұмабай «Мақпал шер» атты жыр жинағы мен CD дискісін шығарып, оның алғашқы легі оқырман қауымға жол тартып үлгерген болатын. Белгілі тележурналист Бейсен Құранбек «Соңғы жылдары дәл осылай: сәбидей сылап-сипап, мәпелеп, құндақтап кітап шығарған адамды алғаш көруім! Орасан зор еңбекпен, махаббатпен дүниеге келгені бірден байқалады. Суреттері қандай тамаша!» деп баға берген «Мақпал шердің» тұсаукесері осы жексенбі, яғни 21-мамыр күні Астана қаласында өтпек.

Өлеңсүйер, өнерсүйер қауымға құлаққағыс ете отырып, «Мақпал шердің» авторы туралы оқырмандарға 8 дерек ұсынамыз.

1. Мақпал Жұмабай – ақын. Оның «Ана» атты өлеңін жақсы көрмейтін қазақ жоқ. «Мақпал шерге» дейін «Қырандар мен қазақтар» деген кітабы жарық көрген.

2. Мақпал – әнші. Ол өзінің өлеңдерін оқымайды, орындайды. Оның мақамды жырларын естіген жұрт құлағымызға алыстан талып қобыздың үні келгендей болады деп баға береді.

3. Мақпал – суретші. Ол өзінің «Мақпал шеріне» сурет салдыру үшін үш иллюстратормен жұмыс істейді. Алайда, олардың салған суреттері көңілінен шықпай, ақыры өзі сурет курсына қатысып, кітабының барлық суреттерін салып шығады.

4. Мақпал – гитарашы. Ол мақамды жырларын гитарамен өзі сүйемелдейді.

5. Мақпал – шебер аспаз. Құрбылары оның кез келген тамақты өте дәмді етіп дайындайтынын айтады. Әсіресе, балықтан жасалған тамақтарды жақсы пісіретін көрінеді.

6. Мақпал – журналист. Ол алғашқы еңбек жолын 2003 жылдары «Ана тілі» газетінде, «Қазақстан», «Балапан» телеарналарында журналистік қызмет атқарған.

7. Мақпал – әдеби менеджер. Ол – бүгінде Қазақстанның ашық кітапханасы www.kitap.kz сайтының бас редакторы әрі ұйымдастырушысы.

8. Мақпал – екі ұлдың анасы. Ақынның Рахман, Сауран атты екі ұлы бар.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар