Біз ақын Нұрмұхамед Әбілқасымов жайында бұрын да айтқан болатынбыз. Мүмкіндігінің шектеулігіне қарамастан Нұрмұхаммед ақын бірнеше жыр жинақтың авторы. Ол өмірдегі барлық қиындықты төзіммен, сабырмен жеңген ақын. Өлеңдерін аузына таяқша тістеп ұялы телефонға ғана хабарлама түрінде жазып, не бары 4-5 жылдың ішінде ақындық әлемде төселіп, екі жыр жинақ шығару деген бұл – үлкен жетістік. Бүгін ақынның отбасында ерекше қуаныш! Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымовты қабылдап, талантты жанға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.
«– Тепсе темір үзетін талай жандар бос жүр. Ал сенің мына еңбегін нағыз ерлікпен пара-пар. Он екі мүшеңнің түгел еместігіне қарамастан өмір сүруге құлшынысың жоғары. Жыр жинақтарыңды арнайы оқып шықтым», – деді аймақ басшысы. Ақынды қуанышымен біз де құттықтаймыз! Әрдайым шаңырағыңыздан шаттық үзілмесін, аяулы ақын!
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.