Ұлықбек Есдәулет – қазақ поэзиясындағы дара талант. Ақын 1954 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін журналист мамандығы бойынша, Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстардың поэзия бөлімін әдебиетші мамандығы бойынша бітірген. Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Қанат қақты», «Көздеріңе ғашықпын», «Жұлдыз жарығы», «Алтайдың алтын тамыры», «Ұлыстың ұлы күні», «Ақ керуен», «Жаратылыс», «Жүректегі жарылыстар», «Заман-ай», «Киіз кітап», «Ғұмыр жас», «Әбілхаят» кітаптарының авторы.
2014 жылы 14 мамыр күні көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулеттің «Жылқы жылғы кездесу» атты шығармашылық кеші болады. Ақынның 60 жасқа толуына орай ұйымдастырылған кеш әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің, өнер жұлдыздарының қатысуымен Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтеді.
adebiportal.kz
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.