
18 сәуір күні Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Бас ғимаратының 208-аудиториясында қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Аймұхамбет Жанат Аскербекқызының «Бұлт болып көшеді өлең» атты әдеби-сазды шығармашылық кеші өтеді. Кешке белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар, сонымен қатар, эстрада жұлдыздары қатысады деп жоспарланып отыр.
Кештің басталуы сағат 16:00-де.
