Ақын Жанна Елеусіз дүниеден өтті

Ол 1970 жылы 22 қарашада дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

115

Ақын Жанна Елеусіз дүниеден өтті - adebiportal.kz

Белгілі ақын Жанна Елеусіз 56 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Жанна Елеусіз — қазақ поэзиясында өзіндік сыршыл қолтаңбасы бар, лирик ақын және журналист. 

Ол 1970 жылы 22 қарашада дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Әдеби ортада өзін көп көрсетпейтін, жұмбақ әрі тұйық мінезімен танымал ақынның «Мен сүйетін дүние» және «Тіршілік трилогиясы» атты жыр жинақтары жарық көрген. 

Оның терең философиялық, мұңды және нәзік иірімдерге толы өлеңдері оқырман қауым мен әдебиетшілер тарапынан «ақсүйек поэзия» деп жоғары бағаланған.

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan