Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ақын Жәркен Бөдешұлы атындағы мүшәйра жарияланды...

05.10.2020 4731

Ақын Жәркен Бөдешұлы атындағы мүшәйра жарияланды 12+

Ақын Жәркен Бөдешұлы атындағы мүшәйра жарияланды - adebiportal.kz

Ұлт руханиятына жанашыр кәсіпкерлердің қолдауымен Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы, «Отандастар Қоры» КЕАҚ-ының «Alash-CUP» қайырымдылық қорының бірлесіп ұйымдастыруымен еліміздің Тәуелсіздік мерекесі аясында қазақ поэзиясына бұрылыс жасаған құбылыс ақын, сағыныштың символына айналған шайыр-жырау, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жәркен Бөдешұлының шығармашылығына арналған «Сарыкөбелек сағыныш» атты Халықаралық жазба ақындар мүшәйрасын жариялайды.

Мақсаты:

Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында: Адам баласы шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені. Талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды, – деп атап өткеніндей туған жерге сағыныш ет жүректі пенденің жүрек түкпіріндегі лүпілі. Ал, оның ақындар санасын бұлқындырып, жыр болып өрілмеуі мүмкін емес. Сол тұрғыдан қарағанда шетелден келген, туған жері жаттың меншігінде қалған қазақ ақындарының жан сезімі айтпасада түсінікті. Туған жерін жарты ғасыр жырлаған Жәркен ақынның «жауыр болған» сағыныш дерті жырқұмар талай жастың жүрегін шымшылаған ғажайып сезімге ұласқаны анық. Жас ұрпақтың санасына Жәркен Бөдешұлының шығармашылғын насихаттау, жастар шығармашылығын қолдау көрсету бұл шараның басты мақсаты болып табылады.

Мүшәйраның шарты:

40 жасқа дейінгі ақындар 2 өлеңімен қатыса алады.

Бірінші өлеңі ақын Жәркен Бөдешұлының шығармашылығына, ақындық болымысына, тұлғалық келбетіне арналуы міндетті.

Екінші өлең сағыныш, туған жер тақырыбында.

Шығармалар 1-желтоқсанға (01.12.2020ж) дейін t.talapbek@mail.ru электронды почтасы арқылы қабылданып, қазылар алқысының шешімімен Тәуелсіздік күні қарсаңында (нақты өтетін уақыты қосымша хабарланады) қорытынды шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өткізіледі.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар