Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ақындар ауылда бас қосады...

05.06.2014 4146

Ақындар ауылда бас қосады

Бұрын Кеңес үкіметі кезінде ақындарымыз ауыл-ауылды аралайтын еді. Ондағы мақсат – шалғай ауылда жатқан қазақ әдебиетінің нағыз оқырмандарымен жүздесіп, риясыз сыр бөлісу болатын. Үзіліп қалған үрдіс қайта жалғанбақшы. 8 маусым күні тағы бір қазақ ауылында талантты ақындардың басқосуы болады. Басқосуды ұймдастырушы жас ақын  Қайрат Серғазин. Жас та болса игі бастаманы қолға алған Қайраттан басқосудың мән-жайын сұраған едік...  


1506480_1399020450360074_2029732625_n.jpg 8 маусым күні ақындарды ауылыңа қонаққа шақырып жатыр екенсің? Мұндағы негізгі мақсатың қандай?

– Қазіргі қазақ поэзиясының өкілдерін, жастар поэзиясын ауылға насихаттау. Ауылда да ақындардың оқырмандары бар екенін көрсеткім келеді. Жалпы нағыз поэзияны, төл әдебиетімізді түсінетін халық ауылда деп ойлаймын. Олар көбіне ақындардың шығармашылығымен етене таныса алмай жатады, кітаптары қолжетімсіз болып жатады. Негізгі мақсатым – ауылдағы ағайынмен ақындар қауымын етене таныстыру.

– Қай ауыл?

– Ақмола облысы, Шортанды ауданы,  Күршін ауылы. Астана қаласынан 40 шақырым жерде...

– Ал, өзің немен айналысасың?

– Студентпін. Өзім аздап өлең жазып әуестеніп жүрмін. Аздаған шимай-шатпақтарым бар.

– Бұл жақсы идея қайдан келді?

– Мен ақын Ербол Бейілханды ауылыма шақырған едім, ақынның кешін өткізу туралы. Ол кісі тек мені ғана емес Астана қаласындағы ақындарды шақырып үлкен басқосу, поэзия кешін өткізуді ұсынды. Бұл мен үшін жақсы ұсыныс болды. Ақын ағаларыма қатысып осыны қолға алдым. 

– Қай ақындарды шақырдың?

– Дәулеткерей Кәпұлы, Алмас Темірбай, Қалқаман Сарин, Ербол Бейілхан, Бауыржан Қарағызұлы, Ұларбек Дәлейұлы, Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс сияқты талантты ақын ағаларым келеді.

– Тізімге қарап отырсам тек ер ақындарымызды ғана шақырған сияқтысың...

– Ақын қыздарды да шақырған едім. Шыны керек, көбімен таныстығым болмаған соң хабарласып, айта алмадым. Сіздердің портал арқылы, осы сұхбат арқылы Астана қаласындағы ақып әпкелерімді, ақын замандас құрбыларымды шақырамын...

– Басқосуда қандай іс-шаралар ұйымдастырылады?

– Ауылда әдеби кеш ресми түрде емес, ақындар өлең оқып, ауыл тұрғындарымен сұхбат жүргізсе деп ойлап отырмын. Ақындарымыз еркін түрде ауыл адамдарымен емен-жарқын әңгімелесіп, жақсы сұхбат болады деп үміттенемін.

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар