Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІ
Әр түріктің үйінде орта есеппен 179 кітап бар...

04.10.2018 4261

Әр түріктің үйінде орта есеппен 179 кітап бар

Әр түріктің үйінде орта есеппен 179 кітап бар - adebiportal.kz

Медиа саласындағы жетекші ұйым «Ajans Press» Еуропа елдері бойынша әр шаңырақтағы орташа кітап санын зерттеген. Яғни, «Ajans Press»-тің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) деректері мен бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпараттарға сенсек, әлеуметтік-экономикалық сала бойынша әр түріктің үйінде орта есеппен 179 кітап бар көрінеді.

2015 жылғы дерек бойынша, бірінші орында әр отбасына шаққанда 423 кітаппен Люксембург көш бастап тұр. Екінші орында Мажарстан (Венгрия) – 414 кітап, ал алғашқы үштікті 346 кітаппен Германия түйіндеген. Ары қарай: Лихтенштейн – 331 кітап, Авcтрия – 323, Норвегияның әр шаңырағында 322 кітап бар. Сондай-ақ, ең жоғары әлеуметтік-экономикалық сала бойынша сөресі жұтаңдау ел Хорватияның әр үйіне 172, Түркияда – 179, Сербияда – 215, Словакияда – 226 кітап бар екен.

Өткен жылы жариялаған кітап саны да артты

ITS Medya және Ajans Press-тегі медиа зерттеулер нәтижесінде жоғарыда айтылған тақырыпқа байланысты баспасөздегі хабар саны да белгілі болды. Яғни, 2016 жылы баспасөзде 121 482 мың, 2017 жылы - 151 852 мың, 2018 жылы – 97 675 мың хабар жарық көрген. Түркия Статистикалық институты (TÜİK) таратқан ақпаратқа қарағанда, елде 2017 жылы 58 027 қағаз кітап, 212 электронды кітап, 1767 web-электронды кітап, 26 сөйлейтін кітап және басқа да форматтағы 303 материал жарық көрген. Сөйтіп жалпы саны 60 335 жеткен.

AJANS PRESS

Аударған


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар