Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ASTANA EURASIAN BOOK FAIR - 2025...

25.04.2025 784

ASTANA EURASIAN BOOK FAIR - 2025

ASTANA EURASIAN BOOK FAIR - 2025 - adebiportal.kz

Елімізде дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келе жатқан “ASTANA EURASIAN BOOK FAIR” атты ең үлкен кітап көрме-жәрмеңкесінің бүгін үшінші күні. 

Бұл жерде оқушылар мен студенттер, ата-аналар, сондай-ақ барша кітапсүйер қауым қаламгерлермен кездесіп, пікірлесіп, қолтаңбалы кітап алу мүмкіндігіне ие. Шараны ұйымдастырушы - республикалық және халықаралық деңгейдегі үлкен жұмыстарға мұрындық болып жүрген “Фолиант” баспасы. Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында 23 сәуірден бері күн сайын сағат 10:00-20:00 аралығында оқырман қауымға қолжетімді бағада кітап нарығының ең озық кітаптары ұсынылып жатыр. 

Сондай-ақ “Фолиант” баспасынан бөлек, ұлттық және халықаралық деңгейдегі ең озық баспалар жаңадан басылған, сұранысқа ие кітаптарын жәрмеңке үшін Астанаға арқалап келгені белгілі: 

Көрменің үшінші күнінде ең көп сатылып жатқан кітаптар жайлы баспалардан ақпарат алдық. Нәтиже төмендегідей: 

 

Балалар әдебиеті бойынша ең көп сұранысқа ие кітаптар:

Сондай-ақ жәрмеңке аясында қызықты кездесулермен қатар қыш ыдыс жасау, сурет көрмесі, көркем жазу секілді шаралар да ұйымдастырылып жатыр: 

Жәрмеңкеге бала-шағасын ертіп келіп кітап таңдап жүрген отбасылардың да, балаларына кітап іздеп келген ата-аналардың да бой көрсетуі, келген адам санының көптігі - технология дәуіріндегі адамдардың  жеке даму мен ұлт болашағын ойлауға деген құштарлығын көрсетеді. Бұл жағдай бәріміздің көңілімізді қуантты:

Жазушы Хорхе Луис Борхестің: “Мен жұмақты әрдайым бір кітапхана ретінде елестететінмін”, - деген сөзі бар. Біз де жәрмеңкеге кірген сәтте жұмақтың ауласына адым атқандай әсерде қалғанымызды жасырмаймыз…


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар