Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Астана EXPO-2017 – «БОЛАШАҚТЫҢ ҚУАТЫ» тақырыбын...

10.04.2017 8403

«Астана EXPO-2017 – «БОЛАШАҚТЫҢ ҚУАТЫ» тақырыбындағы кітап көрмесі өтуде

 «Астана EXPO-2017 – «БОЛАШАҚТЫҢ ҚУАТЫ»  тақырыбындағы кітап көрмесі өтуде - adebiportal.kz

Тәуелсіздік тарихыннан ойып тұрып орын алатын айрықша оқиға – халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің Қазақстанда өтетіндігі жөнінде шешім қабылданған сәт. Бұл 2012 жылдың 22 қарашасы болатын. Шешім ЭКСПО Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының Париждегі 152-сессиясында осы ұйымға мүше 161 мемлекеттің жасырын дауыс беруі нәтижесінде қабылданды. Бұл, сөз жоқ, Қазақстанның жаһан жұрты алдындағы беделінің тағы бір биіктегені, мемлекеттің мерейі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында еліміздің 2017 жылғы 10 маусым және 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін халықаралық «EXPO-2017» көрмесіне арналған «Астана EXPO-2017 – «БОЛАШАҚТЫҢ ҚУАТЫ» тақырыбында кітап көрмесі өтуде.

Көрменің мақсаты – Қазақстан Тәуелсіздігінің аса бай тарихын ашып сипаттау, сол шежіредегі халықаралық «EXPO-2017» көрмесін жарқын беттерге айналдыруға үндеу; елорда қонақтары мен кітапхана оқырмандарын EXPO тарихымен таныстыру.

Кітап экспозициясының ашылуы оқырмандар мен шетелдік қонақтардың Қазақстан, EXPO туралы білімдерін тереңдетуге, қазақстандықтардың елімізде өткізіліп жатқан оқиғаларға белсенді қатысуына, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге және өз еліне деген мақтаныш сезімдерін оятуға септеседі.

«Астана EXPO-2017 – «БОЛАШАҚТЫҢ ҚУАТЫ» атты көрме төрт бөлімнен тұрады. Дүниежүзілік көрмелер тарихына байланысты ақпараттар «ЭКСПО тарихы» бөлімінде; Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихы, мәдениеті, Мемлекеттік құрылыс, Мемлекеттік рәміздері, Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктер туралы кiтаптар мен ресурстар «Қазақстан» бөлімінде; әлемге әйгілі қалаға айналған еліміздің елордасы – Астананың халықаралық аренадағы алатын орны, жаһандағы жаңа елорда – Астана жайлы шетелелдік мемлекет қайраткерлері мен белгілі саясаткерлерінің пікірлері, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ЕХРО-2017 көрмесі жайлы дәйексөздері мен кітаптары «Астана ЭКСПО-2017» бөлімінде, әлемге әйгілі қалаға айналған еліміздің елордасы – Астананың халықаралық аренадағы алатын орны, жаһандағы жаңа елорда – Астана жайлы шетелелдік мемлекет қайраткерлері мен белгілі саясаткерлерінің пікірлері, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ЕХРО-2017 көрмесі жайлы дәйексөздері «Болашақтың қуаты» бөлімінде қойылды.

Эскпозиция көлемі жағынан тұрақты, тақырыптық, стационарлы және ол ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы халықаралық «EXPO-2017» көрмесіне арналған мәдени-ағартушылық іс-шаралардың басы болып табылады.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар