Ұлы ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойына байланысты ҚР Ұлттық академиялық кітапханада «Абай» академиялық залы ашылды.
Салтанатты шараға ҰҒА академигі Ғарифолла Есім, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Советхан Ғаббасов, техника ғылымдарының докторы, профессор Мұхтасиф Бектенов (Ресей), филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Күлпәш Бейбітова, филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Құралай Уразаева, сондай-ақ астанадағы жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер және ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.
Салтанатты рәсім барысында Ф. Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университеті, Пекин мемлекеттік шетел тілдері университеті және Эрзинджан қаласындағы (Түркия) мемлекеттік университеті өкілдерінің және Абай атындағы Қазақ тілі және мәдениеті орталығы ғалымдарының құттықтаулары жеткізілді.
Абай орыс әдебиетінің классиктерін (А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. А. Крылов, М. Е. Салтыкова-Щедрин, В. Г. Белинский) қазақ тілінде сөйлетті. Ал Абай Құнанбаевтың өз шығармалары француз, ағылшын, неміс, поляк тәрізді әлемнің 116 тіліне аударылған.
«Абай» залының қорында 500-дей басылым бар. Сол қатардан Қазақстан Компартиясы ОК Хатшысы Мұхамеджан Әбдіқалықовтың жеке кітапханасындағы сирек қорлар да орын алды, бұл бірегей жазбаларды немересі, заң ғылымдарының кандидаты Е. У. Ихсанов жеткізіп берді. Бұлар «Құнанбаев, А. (Ибраһим) Шығармаларының толық жыйнағы» (1948 ж., ҚазБМБ), «Лирика и поэмы» (1940 ж., «Художественная литература»), «Абай» М. Ауэзова (1948 ж., КазОГИЗ), т.б.
Залы қорындағы Абайдың өмірі мен шығармашалағы туралы әдебиеттер мен ақынның жеке шығармалары айрықша орынға ие. Залда қазақстандық ғалымдар диссертацияларының баспа және электронды нұсқаларына, қазақстандық және ресейлік ғалымдар диссертацияларының авторефераттарына, сондай-ақ анықтамалық-библиографиялық басылымдар қорына ашық қолжеткізу жағы қарастырылған. «Абай» залының қоры оқырмандар мүддесі есебінен белсенді түрде толықтырылатын болады.
Бұдан бөлек, Ұлттық академиялық кітапханада Абай порталын ашу жоспарлануда.
Залдың міндеті – қолжетімділік, оперативтілік, жылдам әрі жайлылылық қағидаттарына қарай дәстүрлі және заманауи желілік технологиялар негізінде түрлі зерттеулер тақырыптары бойынша ғалымдарды ғылыми ақпараттарымен толық әрі жылдам қамтамасыз ету. Егер бұған дейін ғалымдар, докторанттар әдебиеттерді өздері іздестіріп, кітапхананың кез келген залында зерттеу жұмыстарымен шұғылданып келген болса, қазіргі күні академиялық залдың міндетіне кешенді қызмет түрлерін ұсыну жүктелді.
adebiportal.kz
Материалды көшіріп жариялау үшін
редакцияның
немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме
берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар
туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның
көзқарасын білдірмейді.