Астанада «Әлихан Бөкейхан және тәуелсіздік мұраты» атты халықаралық конференция өтуде
Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына арналған «Әлихан Бөкейхан және тәуелсіздік мұраты» атты халықаралық конференция өтті.
Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына арналған «Әлихан Бөкейхан және тәуелсіздік мұраты» атты халықаралық конференция өтуде.
Айта кетерлігі, Ә.Бөкейханның мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатыр. Шара екі күнге жоспарланған. Мерейтойыдың бүгінгі бастамасы ретінде пленарлық мәжіліс болды. Жиын университет ректоры Ерлан Сыдықовтың құттықтау сөзімен басталды. Ары қарай Сенат депутаттары мен Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілі мен Түркия, Жапония елшілерінің құттықтауларымен жалғасын тапты.
.jpg)
Сол жақтан бірінші тұрған О.Әбдірахманов
Баяндама кезінде, «Алихан Букейхан творец истории» атты орыс тіліндегі монографияның бірінші томының тұсауы кесілді. Тұсаукесер рәсіміне Бөкейханов әулетінің ұрпағы, Әлиханның жақын туысы Ортай Әбдірахманов ақсақал шақырылды. Кітапты шығаруға қаржылай қолдау көрсеткен Әбдімәжит Сыдықбекке және осыдан біраз бұрын үш тілде шығып, Түркияның Гази университетінде тұсауы кесілген «Әлихан Бөкейхан» атты кітаптың шығуына демеушілік жасаған Жеңіс Түркия мырзаға ғалым алаштанушылар мен көпшілік атынан алғысын білдірді.
М.Алмасбек
