Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Астанада емленің өзекті мәселелері талқыланды...

15.11.2023 565

Астанада емленің өзекті мәселелері талқыланды 14+

Астанада емленің өзекті мәселелері талқыланды - adebiportal.kz

Астана қаласында Ш.Шаяхметов атындағы “Тіл қазына” орталығында оффлайн және онлайн форматта «Қазіргі қазақ жазуы: талқы және ұсыныс» атты республикалық семинар-кеңес өткізілді.

ҚР Ғылым және білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Тілешов кіріспе сөзінде семинар-кеңестің басты мақсаты қазақ жазуының қазіргі жай-күйін талдау, сонымен қатар түрлі әлеуметтік факторлардың қазақ жазуына ықпалын психолингвистикалық аспекті тұрғысынан зерделеу екенін атап көрсетті.

Іс-шараға жоғары оқу орындарының лингвист-ғалымдары, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының өкілдері қатысты.

Семинар-кеңесте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Т.Аяпова жазудың психолингвистикалық аспектілері туралы баяндама жасады.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы А.Әділова баяндамасында кірме сөздердің емлесі мен оларды қабылдау мәселелеріне назар аударды.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы С.Иманбердиева шеттілдік топонимдер мен антропонимдердің емлесі туралы сөйледі.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Н. Әміржанова көрнекі ақпаратта, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде лингвоэкологияны сақтау проблемаларын талдады. Осы институттың кіші ғылыми қызметкері М.Серікқызы коммуникативтік кеңістікте сөздерді дұрыс қолданбау себептері және аталған мәселені шешу әдістері туралы айтты.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша республиканың ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ғалымдары халықтың линвистикалық құзыреттілігін дамыту қажет деген тұжырымға келді.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар