Кеше Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Астана күніне орай Жастар сарайында Алаш зиялылары – Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанұлы, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің туғанына 120 жыл толуына орай «Астанадан тағзым» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кештің мақсаты – ұлттық руханиятымыздың өзегі, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын халық арасына кеңінен насихаттау, ұлы тұлғалардың бейнелері арқылы жастардың ұлтжандылық сезімін ояту, елін, жерін, туған тілін сүю – Отан алдындағы қасиетті борыштары екендігін ұғындыру.
Әдеби кешке белгілі ақын Несіпбек Айтұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Диқан Қамзабекұлы, Амантай Шәріп қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Кеш барысында Алаш зиялыларының қиындыққа толы ғұмырынан қысқаша сюжетті Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрдың әртістері айнытпай сомдап шықты.
Әдеби кеште эстрада жұлдыздары Сәкен Майғазиев, Ардақ Балажанова, Елена Әбдіхалықова, Серік Оспанов секілді танымал өнер жұлдыздары ән айтып, жас күйшілер өнерлерін көрсетті.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.