Құрметті қаламгер! "Ауыл" партиясы мен "Қазконтент" АҚ "Әдебиет порталы" ұйымдастырып жатқан "Ауылым - алтын тұғырым" бәйгесі жайлы маңызды бір жаңалықпен бөліссек. Кеше «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби-онлайн конкурсына төрелік етуші қазылар алқасының отырысы өтті. Басқосу барысында қазылар алқасы мүшелері бүгінгі күнге дейін келіп түскен шығармаларды талдап, талқылады.
Сондай-ақ, жер-жердегі қаламгерлер қауымынан байқаудың мерзімін ұзарту жайлы өтініш-тілектер көптеп келуде. Осының нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби-онлайн конкурсына шығармаларды қабылдау мерзімі 2019 жылдың 15 ақпанына дейін ұзартылды.
Үміткерлер конкурсқа ұсынатын шығармаларын adebiportal.kz порталына онлайн түрде жариялай алады.
Ауыл тақырыбын толғайтын шығармаларыңызбен әдеби байқауда бақтарыңызды сынаңыздар!!!
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.