Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СҰХБАТ
Балғын Раш. Көз жасы сынды күлтеге тамшы...

09.01.2023 1564

Балғын Раш. Көз жасы сынды күлтеге тамшы 14+

Балғын Раш. Көз жасы сынды күлтеге тамшы - adebiportal.kz

***


Аңғалдықтың...
Артына жасырынып,
Тағдыр тартып алған соң ойыншығын,
Жылап бара жатыр ма жасық үміт.
Сіздегі қорқақтық сияқты.
Біз түннің күнәсін көтердік,
Тіл қатты тыныштық...
“Ол оны тағы да жылатты” дегізбей.
Күн күлсе жараса қалатын,
Көлеңкелеріміздей...
Бақытты болуға тырыстық.
Неліктен жүректер өлгенде,
Көңіл айтпаймыз, 
Табытын көтермейді ешкім.
Санамайды жұрт парызын.
Бір сәттік кесел түсіндіреді,
Жалған екенін бес күн.... 
Қауырт екенін қарызың.
Айыппұл төлеуге міндетті адамдар,
Жер көмген уәделерменен,
Желге ұшқан үміттер үшін...
Үкіметке емес...

***


Үлгереміз бе, құшаққа қысып?
Үлгереміз бе, сүюге?
Мәзірін жердің құлтымдап ішіп,
Құлаш қыр жатыр иіле.
Жүзі алқызыл, жүрегі дақты.
Бақыты бәлкім жасырын.
Қылығы тәтті қыз-қызғалдақты,
Жел еркелетер ақырын.
Көз жасы сынды күлтеге тамшы,
Жайғасар жауса нұр көктен.
Қызғалдақ қызыл шоқ болып жатты,
Қоштасып жатты бір көктем.
Көне табиғат кестелеп өрген,
Қызыл жіппенен қыратты,
Ұзату көштің соңынан ерген,
Ұяң бойжеткен сияқты.
Қауырсын пілте Қағбаны айналып,
Жасап жатқандай мінәжат.
Қауызында оның жатыр ойланып,
Бір сүйкімділік, бір азап.
Уысы алтын, уыты шырын.
Запыран жұтып, шер ішкен.
Ғұмырың неткен келте еді сенің,
Күнәсіз күлгін періштем.

***


Жанымды мұздатып алдым,
Жауынды сүйгенім үшін...
Күркіреп барады аспаным.
Келгенін сездіріп күздің.
Иә сіз...
Құшағын құп көріп өзгенің.
Мен сол...
Қоштасқан қызбын.
Қара көк қосылып жылайтын,
Қара дақ бұлт жиып...
Тамшысы темірдей,
Жендетім аяусыз.
Жоғалып кетсемші жанымды кемірмей!
Күнде осы тірліктің құлымын.
Күндесі секілді бай қыздың.
Қалатын мүрдесі көмілмей.
Сезімім садаға,
Ішімді өртейді бір үміт.
Кенеттен керіге бұрылып.
"Кешірші"-​ демей ме?!
Ал менің сонда, тәкаппарлығым тіріліп.
Құлып салса ше көмейге?
Өксітіп өкініш.
Сезсем ші бұл жауын өтпелі екенін.
Сенбес ем,сүйер ем бірақ.
Бәрінің шегі бар...
Тұру жоқ тақты да босатпай.
Азғындық жасағандарға да,
Адал ғой ұлылар!
Жауыннан кейінгі кемпірқосақтай...

***


Шырағыңды сөндіріп алмайын деп, шынарымды балталап тастаппын мен...
Талғажау етем енді ай жарығын)
Қара түннің қарашы қайғы алуын...
Тұнығымды тұманға айналдырып,
Дей көрме қайда күнің?
Бір білерім,
Сүюге жарамсызбын,
Сенуге пайдалымын...
Сен кеткелі!...
Қараңғы көңіл іші,
Жарыды жалған күліп,
Жағылды шам,
Үзілген жалғанды үміт,
Баладай басқа ойыншық
​ .... құшақтаған
Өзімді ұнатқанмен алдандырып.
Өтірік жылап қалам өмір үшін...
Сезбейді жұрт!
Айтпақшы,
Сүйінші...!
Сіз жыртып тастаған жүрекке,
Жазылды жаңа бет.
Құмарлығыңды өшіріп қағаздан,
Шыдамдылығын қаламға,
Құйдыра ала кеп.
Ғазалын төгеді ол,
Мендегі қағазға,
Сендегі мұң азба?-дейді де,
Сонан соң оқиды,
«Дейін мен кейінде ісім жоқ,
Бүгінім өзіңмен ғана!»-деп...

Қорықпа, алдаймын..
​ ​ ​ Алайда,
..... жолықса) бәрібір....
Сүйетініне сендіре алмаймын,
​ ​ ​ ​ .... сезімді!

***

Бұл біздің көше,
Таныдың ба оны.
Көршім едің ғой сен менің.
Тарықты әкең,
Талықты шеше.
Тарауыхына да келмедің...
Иті өлді үйдің,
Өртенді отыны.
Шағылды терезе тас атпай.
Атыңды сенің атап​ оқыдым,
Досыңа таба жасатпай.
Қара көрем деп, қараймын ауық.
Салынған құлып боз үйге
Елеңдеп бағып есігін,
Алысқа әкеткен адам тағдырын,
Айыптап алам о кейде.
Сұрапыл дауыл еңкейткен емен
Сұрап тұрғандай кешірім.
Бала шақтағы кегің бе әлде,
Жетімек жеңге тығулы,
Күлшеңнің көздеп түйірін.
Жақсы көруші ет жұрттың ұлдары,
Жолыңды бөгеп тұруды.
Солардың бәлкім,
Қолында кетті ау көңіліңдегі мейірім.
Жігітке тәлім береді деуші ед,
Жиыла жүріп жүріп жеті ауыл.
Шайнады шалдар бармағын.
Адамның бірақ таңы рауан да,
Түсі өткінші,кеші ауыр.
Өмірден емес,өкінішім сол.
Өзіңнен қорғай алмадым"..

 ***

Көбелегінің қанаты сынған,
Сезімі сөнген ләйлі­мін.
Құшағы суып қабырға­лардың,
Ұсағы қалды қайғыны­ң...
Теріп жеп оны,
теңбіл доп өмір өтіп барады доңғалап.
Қарсыласым кім,
Қақпасын ардың,
Соққыдан қалай қорғ­амақ?
Бұрыннан аяз жүрек бөлмесі,
Жүдеп барады тым әр­і,
Түнек түрмеге,
кірер келесі,
Сүйгені үшін кінәлі!
Жазасы ауыр,күрмеуге келмес.
Жасауға болмас келі­сім.
Мекен жайына​ маха­ббатымның,
Хат жазып тұршы мен үшін...
Хат жазып тұршы,
Сағынғанымда.
Сұрақсыз! Үтір,нүкте­сіз...
Жанарымызда жалын барында,
Бәрін баянда бүкпес­із.
Алайда менің қимайты­нымды,
Қинайтынымды білмес­ін,
Ол емес сенің ұнайт­ыныңды,
Ұғынып қойып жүрмес­ін....
 
***
Ғашығың барма?-дейді жұрт
Естіледі ол!
Жендетің қайда?-
деп маған.
Білсемші алда дар барын.
Уа, сезім!
Арқан үзіліп кешірім етші
Тістесін ол да барм­ағын.
Үкімім ауыр
Сүйдім де,
сүйікті бола алмады­м!
Тарылып жатыр дем не­ге...
Бұлдырап кетті, бұл­ғап жатырма қолын ел?
Сол жақ тұсымның бе­йбағы-ау,
Дүрсілдей көрме, үн­деме!
Қиналып жатыр демей­ді,
Қимағаның боп көрін­ер...
Шайырым!
Шылымыңыздың шырпыс­ы,
Шырағымызды жаққан жоқ!
Шалғынымызды өртеді
Бір әттең!
Барлығыныкі сияқты
Бақытты ғұмыр кешті деп
Бітпейді біздің ерт­егі...
Балғын Раш.

- "Мадам, сізге,
Шәй, әлде кофе? ". 
- "Аздап шарап, тұзд­ыққа ақ шокалад.
Жылында жоқ маңыз". 
Жымиды ойлы офицант.
-"Құп... 
-"Жас жігіт тоқтаңы­з.
Сосын гүл, қып-қызы­л". 
Қарады таңырқай, та­ғы...
Сықылды иә мазақ.
Бірақ... 
Дәл мұндай тапсырыс қабалдау,
Неткен азап.
Мейрамхананың сағаты,
Көрсетіп түн ширек екенін...
Тырсылы күшейді. 
Бір тұтам қағаз,
Құшақтап амалсыз...
Жылы лебізбен жүгін­ді даяшы.
Есепшот,.. 
Білемін сұлудың,
Еткен ісінде себеп бар, 
Күйзелісінде есеп жоқ...
Барады ұзап,
Шәлі оранған бақилы­қ...
Қолында гүлі, 
Қарады ел шын аяп.
Өмірін сұрауға,
Күрмелді құрғырдың тілі.
Сырымен бөлісерме екен)?.
Еріні тиген шынаяқ.­.....

***


Менің бұл майданға түскелі,
Тәңірдің найзасы қа­далған күйімде,
Кесілген бұрымыммен­ен,
Көтеріп жүргелі,
Жауыздың жарлығын...
Жиырма бірінші тәул­ігім..
Бөтенге билеген сығ­ан сықылды көрінетін­мін.
Тоқтаусыз іріткі са­лғанын,
Іріңнің ішіме кірге­лі...
Дел-сал дүнием бүлі­ніп жатқанын,
Дәрменсіздігім білі­ніп жатқанын.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жа­ратқанымның жаратылғ­андары
​ ..... білмеді!
"Мықты бол, миуа тағ­дырдың жазғаны сынақ деп сыбырлап айтады­-ау,
Өзіңнің көзіңнен өз­іңді көрмеуің,
Баяғы қалпыңды байқ­амау,
Қиын ә?
Өтірік көрінген шын­дыққа илану,
"жазмыш"-деп қайтал­ау,
Бір ұшы Раббымның қо­лында тұратын түйінд­ігін,
Дегенмен,
Сәждеге қойылған ма­ңдайды,
Тәжінен айыру қиынд­ығын,
Сезеді ол...
Сенімнің тамшысы себ­ілсе,
Сиқырдың оты өлер.
Есігін қаққалы отыр­мын жарықтың.
Тәубаға келуге берілс­е,
Мүмкіндік...
Сен мені кезіктірме­гендей кете бер).
Соңынан ермеймін,
Соғысым қалды енді бір күндік...


***


... Француз әтірі,
Бағасын арттырып же­йдеңнің,
Сол түні, он екі ши­ректе,. Біз алғаш кө­ріскен күндегі,
Көйлекті кигенмін.. Сағаттың шықылы,
Сәйкесіп жүректің лүпілі.
Саяңды көрмедім,сер­ттескен серуенде...
Сананмның сол болып үкімі..
Шарасыз күйге ендім,
Сізді енді күтпеуді үйрендім...

Ойыма оралды,
Біз талай сырласқан орындық,
Алайда орынсыз сұрақ бар?
Не үшін кетістік, не себеп қағындық.
Мендегі мең күйге мән бермеу,
Сіздегі ең арсыз же­тістік...


Көлеңкем,
Сенен де сұраймын кешірім.
Бақ іздеп қағыппын,
Әйнегі жоқ үйдің ес­ігін.. Өлеңді құндақ­тап алам да,
Өзге үйдің бір күні,
Тербетіп кетермін бесігін...
 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар