Әйгілі Алаш қайраткері, қазақтың алғашқы Конституциясының авторы Барлыбек Сырттанұлы туралы және бір тың еңбек жарық көрді. Кітап "Жетісу кітапханасы" сериясымен шығып отыр. Авторы жас ғалым, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Елдос Тоқтарбай. Кітаптың жалпы редакциясын басқарған белгілі ғалым, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы.
Кітапта тұлғаның ғұмырнамасы мен қоғамдық-саяси қызметіне, отбасына қатысты бұрын-соңды жарыққа шықпаған, ғылыми айналымға түспеген архивтік құжаттар мен материалдар, суреттер қамтылған. Сонысымен де, атаулы еңбек Барлыбек Сырттанұлын танығысы келетін оқырманға пайдалы болмақ.
Барлыбек Сырттанұлы Санкт-Петербург Императорлық университетінің Шығыстану факультетін үздік бітірген (1886-1890) және "Қазақ елінің Уставы" (1911 жыл, 13 маусым) аталатын алғашқы Конституцияны жазған.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.