Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СҰХБАТ
Бахтияр Амини. Өмір сүттен басталады...

13.12.2022 2274

Бахтияр Амини. Өмір сүттен басталады 14+

Бахтияр Амини. Өмір сүттен басталады - adebiportal.kz

Бахтияр Амини ­тегі тәжік, бүгінде елінен жырақта, Еуропада тұрып, шығармашылықпен айналысып жүрген, "хайку" жанрында жыр жазатын шайыр. Тәжікстан Жазушылар одағының, Оңтүстік орыс Жазушылар одағының және Жапония, Америка, Ұлыбританияның хайдзин қауымдастығының мүшесі, алты өлең кітаптың авторы. Өлеңдерін ана тілі парсы тілі мен орыс және ағылшын тілдерінде жазады. 1994 жылы "Никахи негаһ" ("Көздің некесі") атты бірінші кітабы, 2012 жылы "Бе донболе чешмһа" ("Көздің соңынан") деген екінші кітабы парсы тілінде жарық көрді. 2015 жылы Украинаның Одесса қаласында "Твоя модная улыбка" кітабы орыс тілінде, ал 2020 жылы "Carrying Sunrays" кітабы АҚШ-та ағылшын тілінде, Мәскеуде "Вкус отражения" кітабы орыс тілінде, 2021 жылы Украинада "В каждой точке многоточие" кітабы орыс тілінде жарық көрді. Амини – жапонның дәстүрлі лирикалық поэзиясы – "хайку" жанры бойынша өткен көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы. 

Бахтиярдың поэзиясының тақырыбы отан, махаббат, сүйіспеншілік, мейірім, адамгершілік сынды бір-бірімен астасқан байырғы, көне тақырыптар болғанымен, мазмұнын өзі дүниеге келіп, ержеткен туған мекені – Шығыс пен ересейген шақта қоныс аударған Батыс елдері мәдениетінің синтезі құрайды. 

АУДАРҒАН: АЙНАШ ҚАСЫМ 

Ауыл таңы

өмір 

сүттен басталады

 

Үзіліс

ауыл мұғалімі

сиыр саууға бара жатыр

 

Таулы ауыл

бірінші жұлдыз

таяқ тастам жерде

 

Қышлақтағы кеш

көршінің естелігін

жүзінші рет тыңдаймын

 

Колхоз таңы

дипломдарымыздың түсімен

мақтанамыз

 

Шығыс базары

сатушының үні 

хош иісті 

 

Шебер іс

палаудың күріші

бір-біріне жабыспайды

 

Ауыл дүкені

қарыз дәптері

қалыңдап барады

 

Суық түн

туған қалам 

мені бөтенге балайды

 

Үйге жол

жыл өткен сайын

қысқарақ

 

Менің отаным

барлық жол

беймәлімділікке бастайды

 

Елімнің сарқыты

артық салмақты

қуана төлеймін

 

Үйді сағынып

көшеден

көше кеземін

 

Анамның қобдишасы 

менің сүт тісім

махаббатпен сақтаулы

 

Шиенің гүлдеуі  

анамның үнінде

мейірімнің барлық түрі

 

Жат ел

менің ноутбугімде

тәжік уақыты

 

Сәлемдемені ашамын

бөлменің ішінде

отанымның иісі 

 

Әлем картасы

осымен нешінші рет 

өз шешімімді өзгертемін

 

Жатжерлік

өз елінде де 

жатжерлік

 

Жаңа отан

картопты

қалай жақсы көрмеске?

 

Менің азаматтық ұжданым

25 жыл

терең ұйқыда

 

Гастербайтерлер

маусымнан тыс

жыл құстары

 

Босқындардың

бәріне

ортақ оқиға тән 

 

Босқындар қосыны 

бір мескейде

шошқа мен сиыр етін пісіреді

 

Болашаққа жоспар

әрбір нүктеден

көп нүкте көремін

 

Жүкті әйел

жер шарын

сүйемін

 

Оның іші

толған ай

екеуін бірдей сипаймын

 

Баланың суреті

ірі әріппен

"Махаббатпен жасалған"

 

Ұлымның күні

Фейсбуктегі суретімді

ауыстырамын

 

Зергерлік өнім

25 жылдық некеден кейін

тұңғышым

 

Баланың дүниеге келуімен

періштелердің тілін

үйренемін

 

Baby boom

жаңа жұлдызға 

атау беру қиын

 

Жұма намазы

көрші

бөтен аяқ киіммен оралды

 

Мешіттің ауласы

намыздың аяқталуын

тіленші күтіп тұр

 

Жұма

барлық кебіс

Қағбаға қарай бұрылған

 

Атамның таспиығы

ішімнен

Алланың есімдерін атаймын

 

Түнгі Берлин

кезбе

қол шаммен кітап оқиды

 

Вена вальсі

серік қызды

жарнамадан іздеймін

 

Жауапсыз хаттар

ойымдағы болжамдардың жанында

Голливуд далада қалады

 

Үндемеудің михнатын

балықтар

біледі


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар