Майк Маккормак есімді ирланд жазушысының «Solar Bones» атты бір сөйлемнен құралған романы Голдсмитс университетінің әдеби сыйлығына ие болды. The Guardian басылымының хабарлауынша, роман әдебиеттегі жаңашыл үлгіде жазылған ерекше шығарма ретінде танылып отыр. 200-ден астам бетке созылған шығармада өлілер арасында қайта тірілген Маркус Конуэй атты инженер хақында айтылады. Аталмыш әдеби сыйлықты анықтаушы қазылар алқасының төрағасы Блейк Моррисонның айтуынша, жалғыз-ақ сөйлем ішінде саясат, отбасы, өнер, тұрмыс, денсаулық, азаматтық парыз бен қоршаған орта жайындағы тақырыптар жан-жағынан қамтылды. «Роман тақырыбы қарапайым жұмысшының өмірі туралы айтылса да, аталған еңбек өте жоғары бағаға ие», - деп мәлімдеді ол. Голдсмитс университеті тағайындаған сыйлыққа 51 жастағы Маккормак осымен төртінші рет лауреат атанып отыр. «Стереотиптерді бұзатын әрі роман формасының мүмкіндіктерін кеңейтетін әдеби көркем шығарма» авторларының жеңімпаздары Голдсмитс университеті белгілеген 10 мың фунт (12 мың доллар) ақшалай сыйақы алады.
Майк Маккормак өзінің жазушылық өмірін 1996 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін көптеген марапаттарға ие болған.
Ақбота Күзекбай
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.