Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
"Біржан-Сара" операсы түрік сахнасында...

11.06.2014 6550

"Біржан-Сара" операсы түрік сахнасында

"Біржан-Сара" операсы түрік сахнасында - adebiportal.kz

Танымал қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың атақты Біржан-Сара операсы(Mukan Tölebayev'in Birjan ve Sara Operası Türkiye'de), Түркияда қайтадан көрермендерімен қауышады.

2014 жылдың 13 маусымында, 5 Халықаралық Стамбул Опера Фестивалі аясында алғаш рет Стамбул өкілдігі өнерпаздардың қатысуымен “Біржан-Сара” операсы сомдалады. 16 маусымда 53-ші Халықаралық Бурса Фестивалі аясында Бурса қаласында,  артынша 18 маусымда 2013 жылы Tүркі әлемінің Мәдени астанасы Эскишехирде және 20 маусым - гастрольдің соңғы күнінде  Түркия астанасы Анкара қаласында опера жанашырларымен қауышпақ.

Birjan ve Sara Operası. Біржан мен Сара операсы. Түркия - копия.jpg

Либреттосы Қажым Жұмағалиевке тиесілі, түркі мемлекеттірінің өнерпаз жұлдыздарының қатысуымен Самсун Мемлекеттік Опера өнерпаздары хор және оркестрдің орындайтын бұл теңдессіз шығарманы Толга ТАВИШ басқарады.

Бұдан бұрын “Көроғлу” және “Алпамыс” операсы сияқты Түркі әлеміне қатысты бірнеше жобаның іске асуына мұрындық болған проф. доктор Эфлатун Ниеметзаденің режиссерлік жасаған жобасына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Башқұртстан(РФ), Татарстан(РФ) және Түркиядан қонақ опера өнерпаздары да шақырылды.


Қазақстанның мәдени және өнер айшықтары орын алған осы күнге дейін сахналанған Қазақстанды әлемге танытатын “Біржан-Сара” операсы Түркияда алғаш рет TÜRKSOY Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының “2013 Мұқан Төлебаев жылы” іс-шарасы аясында көрерменге ұсынылып, қатысқан өнерпаздар көрермендердің ыстық ықыласына ие болған.

Қазіргі заманғы қазақ музыкасының негізін қалаған, “Біржан-Сара” опера өнерінің тілімен сусындаған қазақ әдебиетінің мәдени және өнердің ұмытылмас бір бөлігі Сіздерге ұсынылмақ.


Гастроль барысында орындалатын қойылымдардың мерзімі төмендегідей.

5 Халықаралық Стамбул Опера Фестивалі аясында орындалатын Стамбул өкілдігі мен 53-ші Халықаралық Бурса Фестивалі аясында орындалатын Бурса өкілдігінен басқа өкілдіктерде ақысыз түрде өтеді.

Қосымша ақпарат үшін: www.turksoy.org  адресінен немесе +90 312 491 0100 телефон арқылы хабарласа аласыз.  


Өкілдік мерзімі мен орны:

Стамбул: 13 маусым 2014 ж. Уақыт: 20.00

Орны: Leyla Gencer Kültür Merkezi ve Opera Binası / Bakırköy

Билет алу: www.mybilet.com

 

Bursa: 16 маусым 2014 ж. Уақыт: 21.15

Орны: Merinos AKKM

Билет алу: www.biletix.com.tr

 

Eskişehir: 18 маусым 2014 ж. Уақыт: 20.00

Орны: Eskişehir Atatürk Kültür Sanat ve Kongre Merkezi

*Ақысыз

 

Ankara: 20 маусым 2014 ж. Уақыт: 20.00

Yer: Devlet Opera ve Balesi / Ulus

*Ақысыз.  LCV: +90 312 491 0100

 

БІРЖАН-САРА ОПЕРАСЫ

Либретто: Қажым Жұмалиев

Оркестр дир.: Толга Тавиш

Режисер: проф. доктор Эфлатун Ниеметзаде

Декор: Ерлан Тұяқов

Костюм: Есенгелді Тұяқов

Хор дир.: Михаил Искров

Хореограф: Тұрсынбек Нұрқалиев

Жарық: O. Mурат Йылмаз

 

Қайнар көз: turksoy.org.tr

 

Руслан Беген

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар