Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Боб Диланнан бір өлең...

Боб Диланнан бір өлең

13.10.2016

2966

Боб Диланнан бір өлең - adebiportal.kz

Боб Дилан.jpg

Əдебиет аталымы бойынша Нобель сыйлығының биылғы иегері Боб Диланнан бір өлең:



Жүрер екем қанша жол тағдыр кешіп əрқилы,

Бір тоқтамға келгенше,

Қанатымның астында қанша теңіз толқиды,

Қара жерді көргенше,

Қанша жарылыстардың оты бізді шарпиды,

Соңғы сарбаз өлгенше?!

Жарығым-ау, бір сөзді қайдан ғана табамын –

Жел əкеткен жауабын.

Қанша ғасыр тұрады мына таулар – тірі аңыз,

Толқын шайса – құла түз,

Қанша ғасыр жылаймыз?

Еркіндікті сұраңыз!

Сұрар болсаң, солардың аяғына құлаңыз!

О, адамдар қашанғы көзімізді жұмамыз –

Көрінбестей кінəміз?!

Əлі қанша шұңқырға мойын созып қараймыз,

Ал аспанды көрер кім?

Есту үшін – бір басқа қанша құлақ жамаймыз,

Зарлы дауысын əлемнің?

Жер бетінен біз əлі қанша өлікті санаймыз,

Келгенінше келер күн?!



Тəржіма: Ерлан Жүніс

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan