Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Бүгін «Айгөлек» 16 жасқа толды...

22.12.2016 10725

Бүгін «Айгөлек» 16 жасқа толды

Бүгін «Айгөлек» 16 жасқа толды - adebiportal.kz

kyzmabt.jpeg

"Әдебиет порталының" редакциясы "Айгөлек" республикалық журналын және оның бас редакторы  Қымбат Әбілдәқызын 16 жылдық мерейтойымен құттықтайды.
 

"Айгөлек" журналы - республикалық балалар журналы.  Қазақстан Республикасында 2000 жылдың 22 желтоқсан айында 22 беттік журнал болып бастап шығарылды. 2010 жылдан бастап 10 бет қосылып, қазір 32 беттен тұратын журнал болып саналады. Журнал Алматыда "Лидер офсет" баспаханасында басылады. 


 

Білім мен тәрбиеге жаңашыл көмекші құрал – «Айгөлек» журналының әр санында мектеп оқушыларына жүйелі білім, тәрбие беріледі. Сан алуан танымдық тақырыптардан бөлек, жаңарған білім беру мазмұнына сәйкес «Үш тілді үйрену әліппесі», «Логикалық тапсырмалар», «Ақыл-ой сабағы», «Бала тәрбиесін ұмытпаңыз, ата-ана!», «Сен қандай баласың?», «Шеберлікке барар жол», «Алуан түрлі жүйрік бар...», «Ұлылар ұлағаты», «Өлді деуге бола ма?», «Спорт беті», «Жарық жұлдыз», «Әлем таныған тұлғалар», «Жер-жиһан», «Қыр-сыры мол дүние» айдарларынан көп мағлұмат алуға болады. Ал «Тәуелсіз елдің баласымын», «Анам сенсің, туған жер!», «Абай және мен», «Намысымсың, туған тіл», «Ойландырар 15 сұрақ», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Суреттер сөйлейді», «Алуан түрлі жүйрік бар», «Сурет бәйгесі» бәйге-байқаулары арқылы оқушылар шығармашылық бәсекеге түседі. 


 


 

Журнал жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған. Бірі қалмай, 1 жылға жазылған сыныптарды жетекші, басшыларымен бірге фотосымен журналға шығару, алғыс хат жазу, шығармашылыққа бейім оқушылардың хаттарын жариялап тұру, жас талапкерлердің жолын ашып, бағыт-бағдар беру – "Айгөлектің" негізгі міндеті.


 

айгөлек2.jpg 
 


 

Құрметті достар, ата-аналар! 


 

Қазір бәрі ғаламторда тұр ғой дейміз. Алайда ол жастанып жатып оқып, болған оқиғаны жүрекпен сезінтетін кітап, газет-журналдан оқығандай әсер қалдырмайтынын мойындайтын шығарсыздар?!  


 

Бүгінгі бала түкке қызықпайды, ойлағаны тек компьютер, телефон дейміз. Ал бала көрмеген, естімеген, сезінбеген нәрсесіне қалай қызықпақ? Жас кезінен не нәрсені де ұстап, оқып, тексеріп, қандайда бір сезімді басынан кешіріп, өзінше тұжырым жасамаған адам қай жаста да ол нәрсенің не екенін сезбей, білмей өтеді емес пе?!  


 

Қолға ұстап, магнитті толқынсыз, ми, жүйке тыныштығымен оқыған кітап пен газет-журналдан алатын ой, сөз жүйесі, тіл көркемдігі, қайтсе жас санада сақталып, көкірекке байланып қалады. Ұмытылмайды. Ал оның бәрі айналып келгенде ата-ананың беретін тәрбиесіне, қызықтыра білуіне байланысты.  


 


 

айгөлек4.jpg 
 


 

Ендеше, біз сіздерді ай сайын бір жаңа кітаптың жүгін көтеріп, 1 жылда 12 рет үйлеріңізге өзі іздеп баратын «Айгөлек» журналына жазылуға шақырамыз! Бір жылғы рухани азыққа бала болашағынан үміт күтетін ата-ана журналға жазылу үшін өз тұрғылықты жеріңіздегі поштаға барып, төмендегі ақыны төлесеңіздер болды.  


 

Содан кейін бір жыл бойы жазылған балалардың жіберген хаттары, шығармалары мен салған суреттері және сыныбымен түгелдей жазылғандардың фотосы журнал бетінде жарияланады. Сонымен бірге қызықты әрі пайдалы мәліметтермен танысасыздар.  


 

Ерекшелігімен танылғандарға жас тілші, жас суретші куәлігі, Мақтау қағазы, сыйлықтар да ұсынылады.    

 

айгөлек3.jpg

Материалдар "Айгөлек" журналдың vk.com желісіндегі бірлестік топтың жазбаларынан алынды. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар