Бүгін Алаштың арда ұлы, «Алашорда» Үкіметі негізін қалаушылардың бірі, қоғам және мемлекет қайраткері, қазақтың тұңғыш манифесі мен тұңғыш романының авторы Міржақып Дулатұлының туған күні. Осыған орай «Әдебиет порталы» қаламгердің туған өңірі, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданында орналасқан мұражайындағы жәдігерлердің фотосуреттерін назарларыңызға ұсынады. Айта кетейік, мұражай өмірде де, лауазымды қызметте де ағалы-інілі болып бірге жүрген, бір өңірден түлеп ұшқан қос арыс - Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына арналып ашылған.
А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлының әдеби мұражайы 1991 жылы 8 маусымда ашылған.
А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлына арналған «Қос арыс» залы
Мұражайдың алдындағы А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлына қойылған ескерткіш.
М. Дулатұлы залындағы 1914 жылы Қазанда басылып шыққан қазақтың тұңғыш романы «Бақытсыз Жамал».
М. Дулатұлының жеке қолданған заттары
М. Дулатұлының жеке куәлігі
М. Дулатұлының қызы Гүлнәрдің жөргегі
М. Дулатұлы мен жары Ғайнижамалдың кестелі атлас көрпесі
М. Дулатұлының сөмкесі
М. Дулатұлы талай рет шай ішкен сары самауыр
М.Дулатұлы оқыған Торғайдағы Ыбырай ашқан мектеп
Ресей қиырындағы Карелияның Соловки аралында орналасқан Соловецк поселкесіндегі қабірі
Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Бидайық кентіндегі кесенесі.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.