Жанарбек Әшімжан ақын, журналист, публицист 1976 жылы 1 сәуірде Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында туған. 1999 жылы әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты. 2002 жылы Астанада өткен Халықаралық «Шабыт» фестивалiнiң «Гран-При» иегерi. 2007 жылы «Тұран Әлем Банкі» ұйымдастырған республикалық жыр бәйгесінің бас жүлдегері. 2008 жылы ұйымдастырылған «Бір өлең – бір әлем» жыр мүшәйрасының бас жүлдегері. «Алматы ақшамы», «Жас алаш», «Жас қазақ» газеттерінде түрлі жауапты қызметтер атқарды. Қазіргі кезде «Қазақ әдебиеті» газеті, «Жұлдыз», «Сын», «Простор» сынды әдеби басылымдарды біріктірген «Қаламгер Медиа» орталығының жетекшісі, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етеді.
Бүгін ақынның туған күні! «Әдебиет порталы» туған күн иесін құттықтай отырып, назарларыңызға ақын жырлары мен шағын сұхбатты ұсынады.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.