Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Dala dauysy» республикалық конкурсына құжат қабыл...

02.04.2024 388

«Dala dauysy» республикалық конкурсына құжат қабылдау басталды 14+

«Dala dauysy» республикалық конкурсына құжат қабылдау басталды - adebiportal.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі дәстүрлі, классикалық, эстрадалық және театр өнері жанры бойынша шығармаларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау және насихаттау мақсатында, Республикалық «DALA DAUYSY» конкурсын жариялады.Шығармашылық конкурстың жалпы жүлде қоры – 47 млн теңге.

Республикалық конкурс мәдени мұрамызды сақтау, қайта жаңғырту, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, өскелең ұрпақты адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелейтін жаңа туындылар авторларын қолдау мақсатында өткізіледі.

Конкурс 5 номинация бойынша 15 сыйлықты қамтиды: «Үздік фольклорлық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік драматургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», «Республика әні» (Эстрада жанры), Мәдениет және ақпарат министрлігінің екі арнайы жүлдесі қарастырылған.

Жеңімпаздар мен лауреаттарды жабық тәртіп бойынша арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды. Оның құрамына Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері кірді.

Конкурсқа соңғы екі жылда жазылып, көпшілік алдында жарияланбаған қазақстандық композиторлар мен жазушылардың шығармалары қабылданады. Жоба көпшілік қауымға заманауи өнердегі жаңа есімдерді таныстырмақ.

Өтініш қағаз түрінде 2024 жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейін, Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев көшесі 8/1, №229 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.

Жеңімпаздар 2024 жылдың қазан айында марапатталады. Конкурсқа қатысты қосымша ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтынан алуға болады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/739563?directionId=35619&lang=kk 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар