Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына үміткерлерге 2017 жылғы 19 шілде мен 19 қыркүйегі аралығында конкурс жариялайды.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі – сыйлық) жемiстi ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын осы қаулымен бекітілген номинациялар бойынша беріледі.
Өтінімдер қабылдау аяқталған кезде халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын 29 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар сыйлық алуға үміткер болады.
Сыйлық бір уақытта әр номинация бойынша екіден артық емес ізденушіге берілуі мүмкін, бұл жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты қайта беруге жол берілмейді. Бiр кандидатураны бiр номинациядан артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды.
Сыйлық авторлар ұжымына берiлген кезде, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi.
Сыйлық алуға кандидатуралар ұсынуды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалар жүргiзедi.
Орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалар уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды қағаз және электрондық түрде жібереді: кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі, Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу өтінімі, қолдаухат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама, марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттарының көшірмесі (болған жағдайда), кандидаттың немесе кандидат туралы мақаланың, жарияланымдардың көшірмесі (болған жағдайда), кандидаттың жетістіктерін растайтын өзге де материалдар (болған жағдайда).
Комиссияның спектакльдерді, кино және телефильмдерді, көрмелерді қарауын, концерттік бағдарламалар, сондай-ақ музыкалық және әдеби шығармаларды тыңдауын, ізденушінің қызметімен танысуын ұйымдастыру ұсынушы ұйымдарға жүктеледі.
Сыйлық беру туралы шешім Қазақстан Республикасының Үкіметі оны қабылдаған кезден бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлық беру туралы қаулысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Сыйлық алған адамдарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық табыс етiледi.
Сыйлықтар салтанатты жағдайда беріледі, марапаттау рәсiмi Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне орайластырылады.
Үміткерлердің жоғары көрсетілген құжаттарын 2017 жылдың 19 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаменті Астана қаласы, Мәңгілік ел, 8, Министрліктер үйі (15-кіреберіс), 8/7172/74-18-43, 8/7172/74-13-85, m.mazhitov@diakom.gov.kz,zh.zhunusova@diakom.gov.kz мекенжайы бойынша қабылдайды
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.