Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Еліміздің БАҚ өкілдері Президент сыйлығымен марапа...

27.06.2014 3382

Еліміздің БАҚ өкілдері Президент сыйлығымен марапатталды

Еліміздің БАҚ өкілдері Президент сыйлығымен марапатталды - adebiportal.kz
Бүгін Ақордада бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыйлықтары мен гранттары табысталды.
001(13).jpg

Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбеков журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, отандық журналистиканың негізгі мақсаттары жайында атап өтті.

«Қазіргі әлемді байланыс құралдарынсыз, интернет өнімдерінсіз елестету мүмкін емес. Олардың сапасына мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші де байланысты. Қазақстандық БАҚ өзінің қалыптасу кезеңін сәтті өткерді. Алайда, заманауи талаптар алдымызға жаңа міндеттер қойып отыр. Ол – соңғы әлемдік трендтерге сәйкес жаңарып отыру. Қазақстандық медиакеңістік өкілдері жаңа үрдістерді іліп алып қана қоймай, соған байланысты өзгеріп те отыру қажет» деді мемлекеттік хатшы.

Айта кетейік, Президент сыйлығының лауреаттары 2 миллион теңге көлемінде, грант иегерлері 1 700 миллион теңгеден астам қаражатқа ие болады.

Президент сыйлығының лауреаттары:
- «Жас қазақ» газетінің бас редакторы – С.Смайыл;
- «Время» газетінің бас редакторы – Л.Тараков;
- «КТК» телеарнасы Астанадағы меншікті тілшілер қосынының жетекшісі Я.Красиенко;
- «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшісі Ж.Төлемісова.
- Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Алғыс хатымен «Қазконтент» АҚ-ы, «Айғақ» телерадиокомпаниясы, «Коре ильбо» газеті және «Мир» Мемлекетаралық компаниясының Қазақстандағы филиалы марапатталды.

Айта өтейік, «Қазконтент» АҚ Қазақстанның интернет және медиа саласындағы ірі компания болып табылады. Ол 2009 жылы құрылып, сол жылы компанияның Bnews.kz, Kaztube.kz, Baq.kz секілді интернет жобалары іске қосылған болатын. 

Қазіргі уақытта «Қазконтент» АҚ еліміздегі ақпараттық кеңістіктің белсенді компаниясы ретінде 8 интернет-жобаны жүзеге асырып келеді. Интернет-жобалардың төртеуі – ақпараттық, төртеуі – тақырыптық. Атап айтсақ, 
- Strategy2050.kz ақпараттық порталы;
- Primeminister.kz (ҚР Премьер-министрінің ресми сайты); 
- Bnews.kz ақпараттық порталы;
- Baq.kz ақпараттық порталы;
- Kaztube.kz ұлттық бейне порталы;
- e-history.kz порталы;
- Adebiportal.kz порталы;
- El.kz әлеуметтік желісі.

Ұлттық контент жасау және интернет желісінің қазақстандық бөлігін дамытуды мақсат еткен компанияның барлық жобасы еліміздегі интернет пайдаланушыларға ең жылдам, әрі анық ақпарат беруді қамтамасыз ету үшін құрылған.

2010 жылы Компания базасында құрылған Baq.kz ақпараттық агенттігі бүгінде қазақтілді ақпараттық порталдардың көшбасшы. Дүниенің төрт бұрышында болып жатқан жаңалықты оқырман қауымға дер кезінде жеткізетін порталда сондай-ақ, әлем қазақтары, ұлт саңлақтары, тарихи оқиғалар жайында да қызықты деректер бар. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар