Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Елордалық қаламгерлер Қазақстан Жазушылар одағына ...

31.03.2021 7790

Елордалық қаламгерлер Қазақстан Жазушылар одағына қабылданды 12+

Елордалық қаламгерлер Қазақстан Жазушылар одағына қабылданды - adebiportal.kz

Елордалық жеті қаламгер Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанды. Одақтың басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет Нұр-Сұлтан қаласындағы жазушылар үйінде Иманғазы Нұрахметұлы, Серікзат Дүйсенғазы, Ықылас Ожай, Ұларбек Дәлей, Ербол Бейілхан, Мирас Асан, Толқын Ақанұлына мүшелік билеттерін тапсырды. Жалпы елордада жазушылар одағының 140 тан астам мүшесі бар. Олардың қатары жаңа буынмен толығып отыр. Игі шара аясында жазушылар одағының хатшысы Несіпбек Айтұлы, елордалық филиал директоры Дәулеткерей Кәпұлы қаламгерлерге шығармашылық табыс тілеп, әдебиетке өміршең туындылар қосатынына сенім білдірді.


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@qcontent.kz 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар