Алаш үшін ерінбеген Қалекең,
Мансап үшін жегілмеген Қалекең.
Ұлт ұлдарын ұлықтаған өзі де
Ел бағына туған нағыз жан екен.
Қисық-қыңыр, шәлкем-шалыс мінезі,
Түсініксіз қызық кісі бір өзі...
Камераға қарағаны аздай боп,
Көзәйнектен шыға жаздап тұр көзі...
Ұлтсыздарға көкбөрідей ырылдап,
Ұлтшылдарға Алаш үшін шырылдап
Ер Қалекең айналғандай киноға
Шайналғандай кассетасы қырылдап.
Өлеңін жазған: Заңғар Кәрімхан
Әзіл суретті салған: Еркін Нұразхан
