Алаңғасар ағам-ай, аңқылдаған!
Серіліктен ешқашан тартынбаған.
Ашық, жабық бәйгеде жүлде бермей,
Арасында жастардың жарқылдаған.
Әкім үшін сезілмей аса құны,
Ыңғайсыз-ақ мадаққа басатыны!
Өз-өзіне сонда да берген баға –
«Астананың қазіргі бас ақыны».
Өлеңін жазған: Еркеғали Бейсенов
Әзіл суретті салған: Еркін Нұразхан
