Тым алшақ болмаса да жас аралық,
Екі-үш бала сүюден аса алмадық.
Дегенде «жиырма миллион жұрт болайық»,
Жүргендейсіз назардан таса қалып.
Жойып сіз аз қазақтың пәс елесін,
Ел-жұртыңыз разы боп, «Бәсе!..» десін.
Тағы да бір көтеріп қойсаңызшы,
«Көк көрпенің бүлкілі» мәселесін!
Өлеңін жазған: Еркеғали Бейсенов
Әзіл суретті салған: Еркін Нұразхан
