Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Ер төстік» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатт...

07.10.2021 5067

«Ер төстік» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды 12+

«Ер төстік» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды - adebiportal.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «2021 Балалар әдебиеті жылына» орай балалар мен жасөспірімдер шығармалары үшін «ЕР ТӨСТІК» әдеби байқауы жариялаған болатын. Байқау 2021 жылдың 2 тамызы мен 2 қазаны аралығында өтті. Барлығы 90 автордың жұмысы тіркелді.

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «ЕР ТӨСТІК» әдеби байқауының қорытынды отырысы өтіп, жеңімпаздары марапатталды. Әділ қазылар алқасының мүшелері мен зиялы қауым өкілдері байқау туралы өз ойларын ортаға салды.

Қазыбек ИСА, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, әділқазылар алқасы мүшесі:

- Бізде бұрыннан «Бар жақсы-балаларға» деген қанатты сөз бар. Яғни, Ұлттық академиялық кітапхананың «Ер Төстік» атты балалар әдебиеті байқауы дәл осы жоғары талаптан шыға білді деп айта аламын. Өйткені, бәйгеге түскен шығармалардың көбісі шынайы шығармашылықтан туған үздік туындылар!

Балаларымызды рухани қазынамен нәрлендіру -жарқын болашаққа деген Ақ жол! Бәйгеде жүлделі орындарға ие болған таланттарға табыс тілеймін! Әдеби әлемде алдарыңыздан Ақ жол ашыла бергей! Осындай маңызы зор әдеби бәйгені әдемі ұйымдастыра білген, бүгінде астанамыздағы рухани ордаға айналған Ұлттық академиялық кітапханаға алғыс айтамыз!

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық академиялық кітапхана ұжымынык қатысуымен ұйымдастырылған әдеби байқау өте маңызды шара. Биыл «2021-Балалар әдебиетін қолдау жылы» деп жарияланды. Соған байланысты елімізде балалар әдебиетін дамытуға айтарлықтай көңіл бөліне бастады. Ер-Төстік әдеби байқауы соның бір дәлелі.

Байқауға қатысқан барлық қаламгерді құттықтаймын! Жүлделі орын алғандарға да бәйгесі баянды болсын деген тілек айтамын!

Ұлықбек Есдәулет, ақын, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы:

- Баламыз атқа шапса, қуана жар салатын халықпыз. Болашағымызды жалғастырушы балаларымыз екенін де үнемі айтып жүреміз. Одан бөлек, қазақта ежелден келе жатқан жақсы сөз бар. «Шабылмаған жүйрікті, шағылмаған бала шапсын» деген. Сол айтқандай, бүгінгі «Ер Төстік» әдеби байқауында ізі бітпейтін, тұяғы кетпейтін тұлпарды иеленген жүйріктеріміз әрдайым шаба берсін. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймын. Болашақта шығармашылықтарына табыс пен сәттілік тілеймін.

Әдеби байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге арнап жазатын талантты қаламгерлерді анықтау, лайықты марапаттау, қазақ балалар әдебиетін қолдау және дамыту болып табылады. Марапаттау рәсімі бірнеше номинациялар бойынша өтті: проза, ертегі, балаларға арналған өлеңдер және үздік иллюстрация.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар