Есіңде ме Қарабұтақ, Тахауи...

Бар саналы өмірін шығармашылыққа арнаған ақынның 100 жылдығын 2025 жылы туған жері Қарабұтақ өңірінде атап өтті. Бұл шараны өткізуге ақынның туған қызы Гаухар Қуаңдық қызы тікелей ат-салысты. Бұл Әйтеке би жұртшылығы үшін айтулы оқиға болып тарих бетінде қалды.

34

Есіңде ме Қарабұтақ, Тахауи... - adebiportal.kz

Туған жердің топырағында тарихтың ізі, ал сол топырақтан түлеген тұдғалардың тағдырында тұтас бір дәуірдің шежіресі жатады. Қазақ әдебиетінде өз қолтаңбасын қалдырған қаламгердің бірі – Шаңғытбаев Қуаңдық Төлегенұлы. Өмір жолы туған жерінің тарихымен, замандастарының тағдырымен және өзі ғұмыр кешкен кезеңнің рухани тынысымен сабақтасып жатады.Сол бір әдеби орта мен дәуірдің шежіресін танытуда Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын әрі аудармашы Қуаңдық Шаңғытбаевтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасап өтеміз.

«Кешір мені, Жарөткел мен Шабаған!»

Қазақстанның халық жазушысы Шаңғытбаев Қуандық Төлегенұлы 1925 жылы 21 наурызда қазіргі Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылының, Жарөткел елді-мкенінде дүниеге келген. Атасы Шаңғытбай Қарабұтақ өңіріндегі беделді, байқуатты, дәулетті, қайырымды кісі болған. Меккеге қажылыққа барған, әулие жан болыпты. Жырттың бәрі «қажы ата» атап, ерекше құрметтеп сыйлаған. Шаңғытбай 1933 жылы қайтыс болады да, қазіргі Сары ишан қорымына ең алғаш болып жерленеді. Тіпті, бір кездері бұл қорым Шаңғытбай қорымы деп аталады деген дерек бар. Шаңғытбайдың әкесінің аты - Сырым.  Сырымнан 4 ұл тарағанға ұқсайды:Нұрмұхаммед, Шаңғытбай, Айтмұхаммед, Баймұхаммед. Шаңғытбайдың 4 баласы болған. Үлкен ұлы-Тоймағанбет туралы дерек түрлі нұсқада айтылады. Бір нұсқада бала кезінде дүниеден озғаң делінсе, бір нұсқасында-репрессия кезінде қуғын-сүргінге ұшырады делінген. Ал екінші ұлы Жоныс «жапон тыңшысы», «халық жауы» деп ұсталып, Ақтөбе түрмесінде атылады. Ал Шаңғытбайдың үшінші баласы Төлегенде ел ішінде ақ пейлді, беделді кісі болған. 1937 жылы бала Қуандық 12 жасында әкесі Төлеген «халық жауы» ретінде ұсталып Ярославль облысына айдалып, 1941 жылы сол жерде қаза табады. Ал Шаңғытбайдың кенже баласы Ідіріс орта шаруа болғандықтан қуғын-сүргіннен аман қалады. Шаңғытбайдың үшінші ұлы Төлегеннің 3 әйелі болған. Бірінші әйелінің есімі белгісіз, деректер сақталмаған. Дүниеден ертерек өтіп кеткен. Жалғыз қызы-Бексұлу Шаңғытбаева (Гильманова). Оның қызы-Тілеулес Бахиткереева кезінде Т.Жүргенов ауылында тұрған. Қуандық ақынның туған қарындасы Әлима Төлегенованың қызы Зәуре Нәубетиярова былай деп еске алады: «Бексұлу әже менің есімде. Кішкентай кезімде Қарабұтақтың орталық көшесінде, клубқа жақын жерде тұратын. Бәрі «жылаулық кемпір» деп атайтын. «Мен жетім қалдым»,-деп жиі жылаушы еді. Сонда Манар әжем: «Қайдағы жетім, артында қызың бар ғой!»,-деп кейістік танытатыны есімде».

 Екінші әйелі Батимадан Қуандық дүниеге келеді. Жастайынан білімге зерек баланың болашақ тағдыры ашаршылық, қуғын сүргінге тұспа-тұс келеді. Төлегеннің ағасы Жоныс пен Қуандықтың нағашы ағасы Сауда атылады. Бала Қуандық пионер қатарынан шығарылады. 15 жасында үздік оқыған Қуандық Алматыға келіп, Қазақтың мемлекеттік университетінің филология фаультетіне оқуға түседі. Сол 1940 жылы бірінші курстың студенті Қуандықтың тұңғыш кітабы шығады. Ол кітап ұстазы Мәулен Балақаевпен (профессор, ҚҒА корреспондент мүшесі) бірге жазған бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілі оқулығы. Алғашқы қаламақысын 16 жасар Қуандық ит жеккенде жүрген әкесіне жазып, қазыға тығып жібереді. 1942 жылы 2-ші курстың студенті Қуандық Қазақтың мелекеттік баспасына (сол уақыттағы Қазақстандағы жалғыз баспа) жұмысқа алынады.

«Тәңірім – ар»

Тұңғыш өлеңдерін жаза бастаған болашақ ақын Мұхтар Әуезов, Бисембай Кенжебаев, Әбу Сәрсенбаев секілді тұлғалармен танысады. Сол жылы Қуандық «Қазақ жүрегі» (кейіннен «АР») атты бірінші өлең жинағын баспаға тапсырады. Осы уақыттарда редактор Қуандыққа бастығы Бисембай ағасы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының қолжазбасын жасырын береді. Партия орталық комиттетінің адамдары кітаптың шығуына қарсы болғасын, Бисембаей Кенжебаев пен Қуандық Шаңғытбаев кітапты ешкімге білдірмей жасырын шығарады. Ақтбеге келген ақынды еш жер жұмысқа алмады. 1942 жылдың 26 шілдесінде «Социалистік Қазақстан» газетінде бірігіп рецензия жазады. Одан кейін Бейсембай Кенжебаев бас редакторлық қызметінен «өз еркіммен» кетуге мәжбүр болады. Ал 3-курстың үздік студенті Қуандық, Нүрпейіс Байғанинге қатысты партия қаулысы шыққаннан кейін, Ақтөбеге, Байғаниннің әдеби хатшысы ретінде, кетеді. «АР» баспадан шықпай қалады. Тәкәппар жас ақын (итжеккенде жүрген «халық жауының» баласы!) сол тұңғыш жинағына «Мен-қазақ!» деген өлеңін кіргізеді. 

Сталиннің кезінде олай жазу – ерлік болды. «АР» өлеңінде Шаңғытбаев:

«Тәңірім – ар, соған ғана бағынам,

Жалбырынам, жалғыз соған жалынам.

Патша тәжі жолда жатса, қайырылмай,

Теуіп өтіп, алдыңа кеп табынам.» - деп, жазды.

Осы ісі үшін Алматыдан қуғындалған талантты жас ақынды құтқарып қалуға партияның белсенділерімен күреске қазақ тарландарының «ауыр артиллериясы» кірісті. 1943 жылы Мұхтар Әуезов Ақтөбеде жүрген Қуандықтың баспада жатқан «Қазақ жүрегі»(«АР») кітабын алғысөзін жазады. Қуаныш Сәтбаев Қуандықты 3-курстан жаңа ғана құрылған Қазақ ғылым академиясының аспирантураға экстернат етіп бірден көшіру туралы шешім шығарады. Шешімге соғыс кезіндегі Алматыда тұрған белгілі ғалым С.И.Малов қол қояды. 

Негізі сол 1940-1950 жылы таланты ақын Қуандық Шаңытбаев пен Қасым Аманжолыпты нысанаға қатты алды. Ол кезде еш жер жұмысқа алмағасын туған жері Қарабұтақта 3-4 жылдай аудан орталығында жұмыс істеді. 

«Өмірдегі жаңа бетбұрыс»

1944 жылы Қуандық Шаңғытбаев өміріндегі бақытты кездерін өткізген жары Мариямға үйленеді. Бірінші ұлы Сардарбек 9 айлығында қайтыс болады. Екінші ұлы Әнуарбек 90 жылдары қайтыс болады(оқыстан). 1953 жылы дүниеге келген Жанна деген үлкен қызы қазір Англияда тұрады. Одан кейінгі ұлы Жәнібек пен кіші қызы Гәухар Алматыда тұрады. Қуандық Шаңғытбаевпың бірінші әйелі қайтыс болғаннан кейін, 70 жылдарға таяу уақытта Ханшайымға үйленеді. 1995 жылы «Махаббат пен ғадауат» атты кітабы шыққаннан кейін Қазақстанның халық жазушысы атанып, туған жеріне келіп. Қарабұтақ халқы Қуандық атамызға 70 жас мерейтойын жасап, қазақтың салт-дәстүріне сай шапан жауып жылы ілебіздерін білдірген болатын. 

1944-55 ж. Ақтөбе педагогикалық институнда кафедра меңгерушісі болып, әдебиет туралы лекцияларын оқыған. Сол кезде орыс тіліндегі «Актюбинская правда» газетінде тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. Нұрпейіс Байғаниннің әдеби хатшысы болды. 1948 жылы А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын аударғанда ол небәрі 23 жаста еді. Кейін оны оны қайта тәржімалады. Леопольд Седар Сенгордың «Чака» драмалық дастанын аударды. Ол романның негізгі бет бейнесін қазақтың тұрмыс-тіршілігіне, ақыл-парасатына, түсінік талғамына лайықтап жеткізді. Ақын көзі тірісінде айтып кеткен болатын: «Қазақ ақынының бір міндеті бар. Өз өлеңін жазудан басқа. Ол өзі жақсы көріп ұнатып, мағынасын түсініп, сол басқа елдің ақынының өлеңін өз тіліңе аударып халқына танытыру»-деп айтып кетіпті. Ақын Қуандық Шаңғытбаев шығыс пен батыстың танымал ақындарының өлеңдерін аударды. Мысалы Омар Һаямның рубайларын қазақша сөйлетуі. Сонымен қоса Р.Хафиз, Р.Бернс, Г.Гейне, Хо Ши Мин, Н.Кучак, Надир Надирпур, Али Сардар Джафари, Хизмет Абдуллин, Миртемир, Муса Жәлил,  және т.б. ақындардың өлеңдерін шырайын шығармай қазақшаға аударды. 

«Шырқап бүгін шалғай кеткен шағалаң!»

1955-1973 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары, кейін бас редакторы. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, «Қазақфильм» киностудиясының сценарий-репертуар алқасының бас редакторы болды. «Мәдениет пен тұрмыс» журналының жауапты хатшысы, қазақ радиосының әдеби хабар тарату бөлімінің бас редакторы болды. 1974 жылы Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі. 1980-1987 жылдар аралығында «Жыр жаһаны», «Гүлтолқын», «Саршатамыз», «Жыл құсы» атты лирикалық шығармалары жарық көрді. Ол Қуаныш Байсейітовпен бірігіп «Беу, қыздар-ай»(1960), «Ой, жігіттер-ай»(1967), «Құтырғаннан құтылған»(1976) пьесаларын, «Алтын таулар»(1960, музыкасы Қ.Қожамьяров пен Н.Тілендиевтікі), «Айсұлу»(1963, музыкасы С.Мұхамеджановтікі) операларының либреттосын жазды. Қуандық Шаңғытбаевтың көптеген өлеңдеріне ән шығарылған. Сыдық Мұхамеджановтың «Тербеледі тың дала», «Тыныштық-әлемге», «Әйтеуір, сол қыз-бір сұлу», «Уа, жеңгелер, жеңгелер», «Есімде» және т.б. сазгерлердің біраз әндеріне жазған мәтіндері халық жадында. 1945 жылы «АР» атты еңбегі ақынның жүрек сөзің жеткізіп тұрғандай көрінеді. Аз жазса да, саз жазатын ақын бұдан кейін 1968 жылы «Аққу әні», 1970 жылы Орыс тілінде «Өлеңдер», 1976 жылы «Арма, республикам», «Лирика» өлеңдер жинағын шығарды. 1995 жылы «Махаббат пен ғадауат» өлеңі шыққаннан кейін Қуандық Шаңғытбаевқа Қазақстанның халық жазушысы атағын алды. Бұл ақынның көзі тірісіндегі соңғы өлең жинағы. 2001 жылы 19 наурызда 76 жасында талантты ақын Алматы қаласында көз жұмды.

Бар саналы өмірін шығармашылыққа арнаған ақынның 100 жылдығын 2025 жылы туған жері Қарабұтақ өңірінде атап өтті. Бұл шараны өткізуге ақынның туған қызы Гаухар Қуаңдық қызы тікелей ат-салысты. Бұл Әйтеке би жұртшылығы үшін айтулы оқиға болып тарих бетінде қалды. Гаухар Қуаңдыққызының әкесінің 100 жылдық мерейтойын Қарабұтақта өткізу себебі, ақынның өмірі мен шығармашылығында Қарабұтақ айрықша орын алады. Оған «Есіңде ме Қарабұтақ, Тахауи» т.б. әндері дәлел.

Асқар Рахымжанұлы,

тарихшы, өлкетанушы

Қарабұтақ ауылдық музейінің экскурсия жүргізушісі

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Қос қасиет

22.10.2026

1667

Taza Qazaqstan