Әлемдік әдеби үрдіс
«Әдебиет және еркін жазу бізге өзімізді және басқаларды терең түсінуімізге мүмкіндік береді, бұл қазіргі таңдағы адамзат үшін аса маңызды құндылық. Сондықтан да біз шет тіліндегі шығармалардың аударылуы, сатылымы, жариялануы, оқылуы сияқты мәселелерде қолдау жұмыстарын әрі қарай жалғастыра береміз.»- деп хабарлады, еуропалық одақтың білім, мәдениет, спорт және жастар комиссиясының төрағасы Тибор Наврачич мырза.
Еуропалық Одақтың 2009 жылдан бастап мәдениет саласында тағайындалған әдебиет сыйлығын табыс ету рәсімі әр жыл сыйын 11-12 мемлекеттердің қатысуымен халқаралық дәрежеде аталып өтіліп келеді. Алдын -ала әр мемлекеттен таңдалып шақырылған қазылар алқасының биылғы қортындысы бойынша 12 автордың есімдері жарияланды. Әрбір жеңімпазға €5,000 көлемінде ынталандыру сыйлығы табыс етілді, сонымен қатар, жеңімпаздарға Лондон, Париж, еуропаның халқаралық кітап істері жөніндегі бөлімшелерінен түрлі көмектер ұсынылды. Енді жеңімпаздар өз туындыларын аударма жасатуға мүмкіндіктер алып, оларға Еуропалық Одақ көлемінде таралым жүйесін қалыптастыруға жол ашылды. Жеңімпаздарды салтанатты түрде құттықтау рәсімі 31 мамырда Брюссельдегі Concert Noble орталығында өтті. Бұл халқаралық іс- шараның ұйымдастырылуына Еуропалық Одақтан басқа тағы да халқаралық кітап нарығы федерациясы мен Еуропа жазушылар одағы ат салысты.
Жеңімпаздар тізімі
CHRISTOPHE VAN GERREWEY (Белгия)
TANJA STUPAR-TRIFUNOVIĆ (Босния және Герцеговина)
ANTONIS GEORGIOU (Кипр)
BJØRN RASMUSSEN (Дания)
PAAVO MATSIN (Эстония)
SELJA AHAVA (Финляндия)
NENAD JOLDESKI (Македония)
BENEDICT WELLS (Германия)
GAST GROEBER (Люксембург)
CLAUDIU M. FLORIAN (Румыния)
JASMIN B. FRELIH (Словения)
JESÚS CARRASCO (Испания)
«European Commission» арнайы сайтынан алынды.
Дайындаған Мерей Қосын
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.